Размер шрифта:
Бастауыш сынып мұғалімдеріне арналған «Бүгінгі жас маман – ертеңгі шебер ұстаз» атты жас мамандарға арналған семинар
26-03-2025 16:28
Бастауыш сынып мұғалімдеріне арналған «Бүгінгі жас маман – ертеңгі шебер ұстаз» атты жас мамандарға арналған семинар

      Қарағанды облысы білім беруді дамытудың оқу-әдістемелік орталығының ұйымдастыруымен жас педагогтердіңкәсіби шеберлігін арттыру, талантты ұстаздарға қолдау көрсету мақсатында 2025 жылдың 26 наурызы Көктемгі мектеп аясында «Печа-куча» форматында педагогтердің әдістемелік отырысы өтті.  Кездесуге Қарағанды, Шахтинск, Сарань, Теміртау қалаларынан, Бұқар жырау, Шет, Нұра, Осакаров аудандарынан жас педагогтер қатысты.

      Кездесу «Печа-куча» форматында тәлімгер ұстаз бен жас маманның әдістемелік қызметі бойынша өткізілді. Кездесу оқу-әдістемелік орталығының 1 қабатында орналасқан «JAÑASHYL USTAZ» жас мамандар шеберханасында ұйымдастырылып, ашық алаңда педагогикалық квиз іс-шарасымен жалғасты. Тәлімгер ұстаздар шеберлік сабақтар ұйымдастырса, жас мамандар аталған форматта өз іс-тәжірибелерімен бөлісті.

      Келесі кезекте печа-куча форматында өтетін кездесуде өз іс-тәжірибесімен алмасатын жас педагогтер анықталып, үздік ұстаздар эстафетаны табыстады.