Размер шрифта:
«Жаңа мамандықтар атласы» бейнероликтер байқауының облыстық іріктеу кезеңі
09-04-2025 16:27
«Жаңа мамандықтар атласы» бейнероликтер байқауының облыстық іріктеу кезеңі

      Қарағанды облысында білім беруді дамыту оқу-әдістемелік орталығы 2025 жылдың 8-9 наурызында оқушылардың кәсіптік бағдар беру жұмысының үздік медиа тәжірибесін көрсету, сондай-ақ қазіргі қоғамда өзекті болып табылатын жаңа мамандықтарды анықтау мақсатында «Жаңа мамандықтар атласы» бейнероликтер байқауының облыстық іріктеу кезеңін өткізді.  

Іріктеу кезеңіне 51 қатысушы қатысты.

Байқаудың ережесіне сәйкес қорытынды  кезеңге 6 жұмыс өтетін болады. Қорытынды кезеңге өткен оқушылар «Болашаққа жолдама» форумына қатысады. Іріктеу кезеңін қорытындысы 11 сәуір Оқу-әдістемелік орталығының ресми сайтында жарияланатын болады.