Областной конкурс «Лучший преподаватель иностранного языка» среди педагогов организаций технического и профессионального, послесреднего образования
11-04-2025 19:40
Областной конкурс «Лучший преподаватель иностранного языка» среди педагогов организаций технического и профессионального, послесреднего образования

     2025 жылдың 11 сәуірінде Абай Құнанбаев атындағы Саран жоғары гуманитарлық-техникалық колледжінде Қарағанды облысындабілім беруді дамытудыңоқу-әдістемелік орталығының жетекшілігімен техникалық және кәсіптік, орта білімнен кейінгі білім беру ұйымдарының педагогтері арасында«Шет тілінің үздік оқытушысы» облыстық байқауы өтті.

   Байқаудың мақсаты Қарағанды облысы ТжКОБ ұйымдарының шет тілі оқытушылары арасында кәсіби шеберліктің деңгейін арттыру болып табылады.

        Байқау үш кезең бойынша өтті, олардың әрқайсысында қатысушылар теориялық және практикалық дайындықтарын, сондай-ақ кәсіби дағдыларын көрсетті:

- І кезең: TKT (Teacher Knowledge Test) форматында тестілеу;

- ІІ кезең: стандартты емес жағдаяттарды шешу;

- ІІІ кезең: педагогикалық тәжірибені ұсыну.

Байқауға 16 педагог қатысты.

2 және 3 кезеңдергеөткен 10 қатысушыны тәуелсіз қазылар алқасы критериалды түрде бағалады. Қорытындысы бойынша жеңімпаздар анықталды.

1 орын — Шевчук Карина Алексеевна, «Шет тілдер колледжі» ЖММ оқытушысы;

 2 орын — Магавина Карлыга Кайрбековна, «Қарағанды сән колледжі» ЖММ оқытушысы;

 3 орын — Курочкина Наталья Игоревна, «А. Құнанбаев атындағы Саран жоғары гуманитарлық-техникалық колледжі» КМҚК оқытушысы.

Жеңімпаздар Қарағанды облысында білім беруді дамытудың оқу-әдістемелік орталығының дипломдарымен, қатысушылар сертификаттарымен марапатталды.