2025 жылдың 15 сәуірінде Қарағанды облысында білім беруді дамытудың оқу-әдістемелік орталығы «Қарағанды жоғары политехникалық колледжі» КМҚК базасында техникалық және кәсіптік, орта білімнен кейінгі білім беру ұйымдарының педагогтері арасында «Орыс тілі мен әдебиеті кеңістігі» атты облыстық педагогикалық идеялар мен шеберлік байқауын өткізді.
Байқаудың мақсаты - тәжірибе алмасу және бірыңғай ақпараттық-білім беру кеңістігінде оқытушылардың ақпараттық-коммуникациялық және технологиялық құзыреттілігін арттыру.
Байқауға Қарағанды облысы техникалық және кәсіптік, орта білімнен кейінгі білім беру ұйымдарының 8 педагогы қатысты.
Байқау екі кезеңде өтті. Бірінші кезеңде оқытушылар бейне-визитка түрінде өздері, өздерінің білімдік, тәрбиелік және қоғамдық қызметі, жетістіктері мен қызығушылықтары туралы айтып берді.
Байқаудың екінші кезеңінде оқытушылар бір бағыт бойынша жұмыс тәжірибесін ұсынды:
1) «Орыс тілі»/«Орыс әдебиеті» пәні бойынша әдістемелік өнім;
2) «Орыс тілі»/«Орыс әдебиеті» пәні бойынша сандық білім беру өнімі;
3) «Орыс тілі»/«Орыс әдебиеті» пәні бойынша оқытушының ғылыми-зерттеу жұмысы;
4) «Орыс тілі»/«Орыс әдебиеті» пәні бойынша бағалау қызметі және кері байланыс қамтылған жұмыс кешені;
5) «Орыс тілі»/«Орыс әдебиеті» пәні бойынша ЕББҚ бар студенттерге арналған білім беру мазмұны және оның прагматикасы (инклюзивті білім беру).
Барлық қатысушыларды тәуелсіз қазылар алқасы бағалады. Қорытындысы бойынша жеңімпаздар анықталды.
1 орын - Амержанова Роза Жумадиловна, «Қарағанды жоғары политехникалық колледжі» КМҚК оқытушысы;
2 орын - Байсаринова Толкын Абаевна, «Қарағанды агротехникалық колледжі»КМҚК оқытушысы;
3 орын - Зарипова Алсу Фидаильевна, «Теміртау жоғары политехникалық колледжі» КМҚК оқытушысы.





umc-ro@umckrg.gov.kz

