2025 жылдың 16 сәуірінде Қарағанды облысында білім беруді дамыту оқу-әдістемелік орталығы «Worldskills Karaganda-2025» чемпионатының негізгі ережелері, чемпионаттарды өткізу құрылымы, бағалау, қағидалары мен Әдеп кодексінің негізгі ережелері бойынша облыстық оқыту семинарын ұйымдастырды.
Семинардың мақсаты: негізгі ережелерімен, чемпионаттарды өткізу құрылымымен, бағалау тәртібімен және Әдеп кодексімен танысу арқылы «WorldSkills Karaganda-2025» өңірлік чемпионатын өткізуге бас сарапшылардың, бас сарапшылардың орынбасарларының, компатриот-сарапшылардың дайындығын қамтамасыз ету.
Спикер ретінде «WorldSkills International-2022» сарапшы-компатриоты, «Қарағанды жоғары политехникалық колледжі» КМҚК құзыреттер орталығының меңгерушісі Лизогуб Олег Владимирович сөз сөйледі. Өз сөзінде ол «WorldSkills Kazakhstan» Чемпионаттарын өткізу қағидаларының жұмыс принциптеріне, чемпионаттарды өткізу құрылымына тоқталды. Ол чемпионаттың конкурстық құжаттамасының шамамен толтырылуын іс жүзінде көрсетті. Алаңдағы жұмыс тәртібімен, сондай-ақ Әдеп кодексімен таныстырды.
Семинар соңында педагогтер пікір алмасып, проблемалық мәселелерді шеше алатын диалог алаңы ұйымдастырылды.
Чемпионаттың 205 сарапшысы қамтылды.





umc-ro@umckrg.gov.kz




