Қарағанды облысында білім беруді дамытудың оқу-әдістемелік орталығымен 2025 жылғы 15 сәуірі орыс тілі мен әдебиеті мұғалімдеріне арналған «Орыс тілі мен әдебиеті сабақтарында оқу сауаттылығын жетілдіру бойныша жұмыс нысаны мен әдісі» тақырыбында семинар өткізілді. Семинарды ҚО ББД ОӘО әдіскері Ксения Петровна Цой және Қарағанды қаласының «№ 23 ЖББМ» КММ орыс тілі мен әдебиеті мұғалімі Любовицкая Людмила Григорьевнадайындады. Педагогтермен бірге «Документы и деньги», «Здоровье», «Аптечка», «Личная безопасность», «Интересно», «С детьми в поезде» үздіксіз және үздіксіз емес мәтіндермен жұмыс жасалды. бұл Мәтіндер орфографиялық жағынан қызықты, сөйлеу мәнері, сөйлеу түрі бойынша ерекшеленеді, бұл (оқушылармен жұмыс кезінде) пәндік және пәнаралық дағдылардың даму деңгейін арттыруға, оқу сауаттылығының даму деңгейін анықтауға мүмкіндік береді: ақпаратты табу, түсіндіру, түрлендіру, түсіну, бағалау. Семинарға Қарағанды облысының 92 орыс тілі мен әдебиеті мұғалімі қатысты.





umc-ro@umckrg.gov.kz




