Размер шрифта:
«EcoMind: Intelligence for Nature» BRAIN RAIN интеллектуалды квест
15-04-2025 13:36
«EcoMind: Intelligence for Nature» BRAIN RAIN интеллектуалды квест

      2025 жылдың 15 сәуірінде Қарағанды облысында білім беруді дамытудың оқу-әдістемелік орталығы «Таза Қазақстан» экологиялық сауаттылық апталығыныңбағдарламасы аясында «Абай атындағы мектеп гимназиясы» КММ базасында «EcoMind: Intelligence for Nature» BRAIN RAIN «Жасыл мектеп» республикалық жобасыныңқатысушылары арасында интеллектуалды квест өткізді.

 Бұл іс-шараға Қарағанды облысында білім беруді дамытудың оқу-әдістемелік орталығының басшысы Б.Х.Абдикерова, Қарағанды білім беру ұйымдарының биология пәндерінің мұғалімдері мен «Жасыл мектеп» жобасындағы «№33 ЖББМ» КММ, «№12 ЖББМ» КММ және «Абай атындағы мектеп-лицей» КММ білім алушылары қатысты. Интеллектуалды квест арқылы экологиялық білімдері сыналды, сұрақтар мен тапсырмалар өте қызықты және ауқымды экологиялық тақырыптар қамтылған.

 Интеллектуалды сайысқа қатысқан топтар бағаланып, дипломмен және алғыс хатпен марапатталды.