2025 жылдың 15 сәуірінде Қарағанды облысында білім беруді дамытудың оқу-әдістемелік орталығы «Таза Қазақстан» экологиялық сауаттылық апталығыныңбағдарламасы аясында «Абай атындағы мектеп гимназиясы» КММ базасында «EcoMind: Intelligence for Nature» BRAIN RAIN «Жасыл мектеп» республикалық жобасыныңқатысушылары арасында интеллектуалды квест өткізді.
Бұл іс-шараға Қарағанды облысында білім беруді дамытудың оқу-әдістемелік орталығының басшысы Б.Х.Абдикерова, Қарағанды білім беру ұйымдарының биология пәндерінің мұғалімдері мен «Жасыл мектеп» жобасындағы «№33 ЖББМ» КММ, «№12 ЖББМ» КММ және «Абай атындағы мектеп-лицей» КММ білім алушылары қатысты. Интеллектуалды квест арқылы экологиялық білімдері сыналды, сұрақтар мен тапсырмалар өте қызықты және ауқымды экологиялық тақырыптар қамтылған.
Интеллектуалды сайысқа қатысқан топтар бағаланып, дипломмен және алғыс хатпен марапатталды.





umc-ro@umckrg.gov.kz











