Қарағанды облысы Білім басқармасы жанындағы ардагерлер кеңесінің отырысы
18-04-2025 18:52
Қарағанды облысы Білім басқармасы жанындағы ардагерлер кеңесінің отырысы

      Білім беруді дамытудың оқу-әдістемелік орталығының базасында 2025 жылдың 17 сәуірінде Қарағанды облысы Ардагерлер кеңесінің отырысы өтті. Отырыс барысында облыстың ауылдық мектептерімен жұмысты ұйымдастыру мәселелері қаралды.

         Қазіргі уақытта ауылдық мектептердің білім беру сапасы мен жай-күйі өте өзекті мәселе болып табылады, ауыл мектебінің қазіргі жағдайы мен даму перспективаларына ерекше назар аударылды, педагогтердің үздіксіз кәсіби дамуы, «Ауыл мектебі – сапа алаңы» республикалық жобасын іске асыру, білім беру сапасын арттырудағы педагогикалық еңбек ардагерлерінің рөлі туралы мәселелер қаралды.

         Кеңес жұмысына білім бөлімдерінің басшылары, әдістемелік кабинеттердің меңгерушілері, облыстың ауылдық мектептерінің директорлары мен педагогтері қатысты. Қорытындысы бойынша ұсыныстар қабылданды.