2025 жылдың 18 сәуіріндеҚарағанды облысында білім беруді дамытудың оқу-әдістемелік орталығы «Таза Қазақстан» экологиялық сауаттылық апталығыныңбағдарламасы аясында «№14 мектеп-гимназия» КММ базасында ауқымды және мазмұнды «Жасыл әлемге саяхат» атты Quest – Team Building өткізді.
Бағдарлама аясында:
• Экологиялық тақырыптағы практикалық жұмыстар мен ғылыми жобалар көрмесі ұсынылды. Оқушылар өздерінің тың идеяларымен бөлісіп, болашақта қоршаған ортаны сақтау жолындағы ғылыми шешімдерін таныстырды.
• "Master class on ecology" шеберлік сағаттары қатысушыларға нақты тәжірибелер мен экологиялық өмір салтының негіздерімен танысуға мүмкіндік берді.
• «Біз табиғатпен біргеміз!» атты жарқын флешмоб баршаға көтеріңкі көңіл-күй мен шабыт сыйлады.
• «Q Talks пен Fail conference»алаңдарында оқушылар мен ата-аналар экология саласындағы табыстары мен сәтсіз тәжірибелерімен ашық бөлісті.
• Дебат ойындары арқылы экологиялық мәселелер жан-жақты талқыланып, қатысушылар сыни ойлау мен пікірталас дағдыларын көрсетті.





umc-ro@umckrg.gov.kz






