Қарағанды облысының ТжКОБ ұйымдарының студенттері арасындағы орыс тілі мен әдебиеті пәнінен облыстық олимпиада
18-04-2025 16:23
Қарағанды облысының ТжКОБ ұйымдарының студенттері арасындағы орыс тілі мен әдебиеті пәнінен облыстық олимпиада

      2025 жылдың 18 сәуірінде Қарағанды облысында білім беруді дамытудың оқу-әдістемелік орталығы «Қарағанды индустриалды-технологиялық колледжі» КМҚК базасында Қарағанды облысының ТжКОБ ұйымдарының студенттері арасында орыс тілі мен әдебиеті пәнінен облыстық олимпиада өткізді.

Олимпиаданың мақсаты - дарынды студенттерді анықтау, олардың білім беру қызметін қолдау үшін жағдай жасау.

Олимпиада Ұлы Отан соғысындағы Жеңістің 80 жылдығына арналды.

Олимпиадаға Қарағанды облысының колледждерінен 27 студент қатысты.

Олимпиада екі кезеңнен тұрды: бірінші тур - мәнерлі оқу, екінші тур – тестілеу.

Барлық студенттерді тәуелсіз қазылар алқасы сыни тұрғыдан бағалады. Олимпиаданың екі турының қорытындысы бойынша жеңімпаздар анықталды:

1 орын - Цыбулько Александра, «Шахтинск технологиялық колледжі» КМҚК, жетекшісіТасмасыс Наталья Сергеевна;

2 орын - Насибуллина Герда, «Қазақмыс» корпорациясының политехникалық колледжі» ЖММ, жетекшісіСерикова Асыл Жанатовна;

3 орын - Белоконь Анна, «Қарағанды индустриалды-технологиялық колледжі» КМҚК, жетекшісі Мутафян Вера Ивановна.

Жеңімпаздарға дипломдар, олимпиаданың екінші кезеңіне өткен барлық қатысушыларға сертификаттар табысталды.