«Қабілетті және талантты жастар - біздің болашағымыз» VІ аймақтық слеті
18-04-2025 10:20
«Қабілетті және талантты жастар - біздің болашағымыз» VІ аймақтық слеті

      2025 жылдың 18 сәуірінде «Абай Құнанбаев атындағы Саран жоғары гуманитарлық-техникалық колледжі» КМҚК базасында «Қарағанды облысында білім беруді дамытудың оқу-әдістемелік орталығы» КМҚК басшылығымен «Мұғалім болу – мақтаныш!»педагогикалық сынып бейіндік жобасы аясында  «Қабілетті және талантты жастар - біздің болашағымыз» VІ аймақтық Слеті өтті.

      Слетті ұйымдастырудың басты мақсаты - мектеп білім алушыларында мақсатты кәсіптік-педагогикалық бағдарын, педагогикалық қызметке тұрақты қызығушылықтарын қалыптастыру, жастардың шығармашылық әлеуетін анықтау, қолдау және дамыту.

Слетке Қарағанды, Теміртау Саран, Шахтинск, Балқаш қалаларынан және Абай, Бұқар жырау, Шет, Қарқаралы аудандарынан барлығы 18 мектеп қатысты.

Слет үш кезеңнен тұрды:

- «Сәлеметсіз бе! Бұл біз!» көрсетілім алаңы, онда қатысушылар өз мектептерімен таныстырып, жүзеге асырылып жатқан педагогикалық сынып жобасы аясындағы іс-шаралармен таныстырды;

- «Қазынаны тап» зияткерлік ойыны - бұл квестте қатысушылар әртүрлі бағыттар бойынша тапсырмаларды орындады, өздерінің дағдыларын, шығармашылық қабілеттерін, спорттық дағдыларын, қазақ, орыс, ағылшын тілдеріне деген қызығушылықтарын тексерді;

- Қызығушылықтар алаңы. Мұнда әр мектептің өкілдері гуманитарлық, жаратылыстану-ғылыми, спорттық бағыттар бойынша арттерапияға қатысып, кәсіби тест тапсырмалары мен спорттық жарыстарда өз қабілеттерін көрсетті.

Слеттегі жастардың белсенділігі, адалдығы мен зияткерлік деңгейін қазылар алқасы қатаң бақылап отырды. Үш кезеңнің қорытындысы бойынша қазылар алқасы жеңімпаздарды анықтады:

- І орын - Шет ауданы білім бөлімінің «Ы.Алтынсарин атындағы тірек мектеп (ресурстық орталық) жанындағы интернат» КММ;

- ІІ орын - Қарағанды қаласы білім бөлімінің «Мағжан Жұмабаев атындағы гимназиясы» КММ; Балқаш қаласы білім бөлімінің «№ 5 жалпы білім беретін мектебі» КММ;

- ІІІ орын - Балқаш қаласы білім бөлімінің «Әлімхан Ермеков атындағы мектеп-лицейі» КММ; Бұқар жырау ауданы білім бөлімінің «Көкпекті жалпы білім беретін мектебі» КММ; Қарағанды қаласы білім бөлімінің «№82 жалпы білім беретін мектебі» КММ.

Жеңімпаздар «Қарағанды облысында білім беруді дамытудың оқу-әдістемелік орталығы» КМҚК дипломдарымен марапатталды, барлық қатысушыларға сертификаттар табысталады.