"ҮЗДІК КӘСІБИ БАҒДАР БЕРУШІ-2025" БАЙҚАУЫНЫҢ ЖЕҢІМПАЗДАРЫ
22-04-2025 10:40

      Қарағанды облысының білім беруді дамытудың  оқу-әдістемелік орталығы 2025 жылдың  22 сәуірінде «Үздік кәсіптік бағдар беруші-2025» кәсіптік бағдар беру жұмысының үйлестірушісі және педагогтардың кәсіби шеберлік байқауының облыстық қорытынды кезеңін онлайн режимінде өткізді.

Байқауға облысымыздың 10 ауданынан: Қарағанды, Теміртау, Балқаш, Приозерск, Шахтинск қалалары мен Бұқар жырау, Қарқаралы, Осакаровка, Нұра және Шет аудандарынан барлығы 23 педагог пен кәсіби бағдар жұмысын үйлестірушілері қатысты.

Іс-шара білім беру ұйымдары мен колледждер арасында үздік кәсіби бағдар берушіні анықтау, кәсіби бағдар берудің жаңа форматтарын іздеу, өңірлік еңбек нарығының сұранысын ескере отырып мамандықтарды насихаттау және оқушылардың болашақ мамандық таңдауға қызығушылығын арттыру мақсатында байқау түрінде ұйымдастырылды.

Байқаудың ақтық кезеңінің жеңімпаздары:

1 орын

Кун Светлана Владимировна, Теміртау қаласы,» №21 жалпы білім беретін мектеп» КММ

2 орын

Кәріп Фариза Мейіржанқызы, Қарағанды қаласы, «№4 жалпы білім беретін мектеп» КММ

Жолдасханова Балауса Мейрамжанқызы, Шахтинск қаласы, «№11 жалпы білім беретін мектеп» КММ

3 орын

Қайырберлинова Айгерім Какенқызы, Нұра ауданы, «М.Сүлейменов атындағы тірек мектебі » КММ

Жұмағұлова Назым Ахановна, Қарқаралы ауданы, Бүркітті ауылы, «№20 жалпы білім беретін мектеп» КММ

Мұханбетжанова Кулшат Рысбековна, Осакаровка  ауданы, «Қ.Сәтпаев атындағы тірек мектебі» КММ

«Үздік кәсіптік бағдар беруші – 2025» құттықтаймыз!