2025 жылғы 21 сәуірде Қарағанды облысында білім беруді дамытудың оқу-әдістемелік орталығы бағалау критерийлерін жасау және CIS бағалау жүйесінің жұмысы бойынша «Worldskills Karaganda 2025» аймақтық чемпионатының бас сарапшылары мен бас сарапшыларының орынбасарлары үшін облыстық оқыту семинарын ұйымдастырды.
Семинардың мақсаты WSS секциясын ескере отырып қайта есептеу кезінде CIS критериалды бағалау жүйесінің баллдарын есептеу принциптері туралы бас сарапшылар мен бас сарапшылардың орынбасарларының хабардарлық деңгейін арттыру болды.
Спикер ретінде «WorldSkills International-2022» сарапшы-компатриоты, «Қарағанды жоғары политехникалық колледжі» КМҚК құзыреттер орталығының меңгерушісі Олег Владимирович Лизогуб сөз сөйледі.
«WorldSkills Competition Special Edition 2022» чемпионатының халықаралық бағалау критерийлерін мысалға ала отырып, іс жүзінде CIS жүйесінің «WSS section» секциясына және оның модульдер бойынша бағалау критерийлеріне ықпалына талдау жүргізілді.
Сондай-ақ Олег Владимирович бағалау материалын әзірлеу қағидаттарын ашып, WorldSkills чемпионаттарының халықаралық және республикалық стандарттары бойынша бағалау критерийлерін жасауға қойылатын талаптармен таныстырды.
Семинар соңында педагогтер пікір алмасып, проблемалық мәселелерді шеше алатын диалог алаңы ұйымдастырылды.
Оқыту семинарына 81 сарапшы қатысты.





umc-ro@umckrg.gov.kz





