2025 жылдың 24-25 сәуірінде Қарағанды облысында білім беруді дамытудың оқу-әдістемелік орталығы Абай Құнанбаев атындағы Саран жоғары гуманитарлық-техникалық колледжімен бірлесіп білім беру саласындағы әлеуметтік маңызы бар проблемалардың тиімді инновациялық шешімдерін анықтау, сараптау және тираждау мақсатында білім беру саласындағы әлеуметтік-педагогикалық инновациялардың IV Халықаралық Жәрмеңкесін өткізді.
Халықаралық жәрмеңкеге біздің облысымыздың ғана емес, сонымен қатар Қызылорда, Шығыс Қазақстан облыстарының, Астана, Алматы қалаларының және шетелдердің - Ресей, Беларусь, Румыния (Сибиу), АҚШ (Вирджиния) білім беру ұйымдарының 230-дан астам педагогтері қатысты.
Жәрмеңке екі кезеңде өтті.
Бірінші кезеңде, 2025 жылғы 24 сәуірде, педагогтер көрмеде өз жұмыстарын көрсетті, онда ақпараттық материалдары бар стендтер ресімделіп, оның мазмұнында инновациялық жұмыстың ұсынылған идеясы көрсетілді.
Бірінші кезеңнің қорытындысы бойынша қазылар алқасының шешімімен білім беру ұйымдарының әрбір деңгейі бойынша жәрмеңкенің екінші кезеңіне қатысуға жіберілген жұмыстар анықталды.
Екінші кезеңде, 2025 жылдың 25 сәуірінде, педагогтер шеберлік сыныптары мен презентациялар өткізді, онда олар өздерінің жұмыс тәжірибелерін таратты және жалпылады.
Екінші кезеңге қатысушыларды тәуелсіз қазылар алқасы сыни бағалады. Қорытындысы бойынша жеңімпаздар анықталды:
Мектепке дейінгі білім беру ұйымдарының педагогтері арасында:
1 орын– Гончарова О.В., Шахтинск қаласы білім бөлімінің «Қарлығаш» бөбекжай-бақшасы» КМҚК;
2 орын – Булаткина Е.М.,Саран қаласы білім бөлімінің «Аленушка» бөбекжай-бақшасы» КМҚК; Павлова С.А., Шахтинск қаласы білім бөлімінің «Қарлығаш» бөбекжай-бақшасы» КМҚК;
3 орын – Цхай О.В., Саран қаласы білім бөлімінің «Балғын бөбекжай-бақшасы» КМҚК; Койайдарова Б.М., Оспанова Н.К., Малиева А.А., Қарағанды қаласы білім бөлімінің «Айсұлу» бөбекжай-бақшасы» КМҚК; Сабырова Н.С., Саран қаласы білім бөлімінің «Березка» бөбекжай-бақшасы» КМҚК.
Жалпы орта білім беру ұйымдарының педагогтері арасында:
1 орын – Бойко В.А., Саран қаласы білім бөлімінің «№17 мектеп-гимназиясы» КММ;
2 орын – Мустафин А.С., Саран қаласы білім бөлімінің «№ 1 мектеп-лицейі» КММ; Қалмұрат У.С., Саран қаласы білім бөлімінің «№ 6 жалпы білім беретін мектебі» КММ;
3 орын – Қарабалина А.С., Раханова А., Саран қаласы білім бөлімінің «№ 6 жалпы білім беретін мектебі» КММ; Копать К.В., Орлова Н.В., Саран қаласы білім бөлімінің «№17 мектеп-гимназиясы» КММ; Маратова А.М., Қарағанды қаласы білім бөлімінің «№64 негізгі орта мектебі» КММ.
Техникалық және кәсіптік, орта білімнен кейінгі білім беру ұйымдарының педагогтері арасында:
1 орын – Базылевская А.С., «Абай Құнанбаев атындағы Саран жоғары гуманитарлық-техникалық колледжі» КМҚК;
2 орын –Дусмагамбетова М.С., Рем В.В., Кошкарбаева М.Б., «Қарағанды «Bolashaq» жоғарғы колледжі» ЖММ; Кайырбекова И.А., «Қарағанды көлік-технологиялық колледжі» КМҚК;
3 орын – Абильдина Б.К., Капанова И.Х.,«Қарағанды «Bolashaq» жоғарғы колледжі» ЖММ; Тойбекова Ж.А., Ильяшева Ш.А., «Қарағанды жоғары гуманитарлық колледжі» КМКҚ; Қабсамет Ғ.Қ., «Әбілқас Сағынов атындағы Қарағанды техникалық университеті» КЕАҚ Инновациялық технологиялар колледжі.
Қосымша білім беру ұйымдарының педагогтері арасында:
1 орын – Сулимова Ю.А., Саран қаласы білім бөлімінің «Достық үйі» балалар-жасөспірімдер шығармашылық орталығы» КМҚК;
2 орын –Ескендирова Е.С., Сергиенко Н.Н., Саран қаласы білім бөлімінің «Достық үйі» балалар-жасөспірімдер шығармашылық орталығы» КМҚК;
3 орын – Насекина Т.Н.,Саран қаласы білім бөлімінің «Достық үйі» балалар-жасөспірімдер шығармашылық орталығы» КМҚК.
Арнайы білім беру мекемелері ұйымдарының педагогтері арасында:
1 орын – Кулмагамбетова К.К., Қарағанды облысы білім басқармасының «№ 8 психологиялық-педагогикалық түзету кабинеті» КММ, Айтжанова С.С., «№86 жалпы білім беретін мектебі» КММ, Акпаева Н.К., «№ 12 жалпы білім беретін мектебі» КММ;
2 орын –Семенюта Н.Л., Тугельбаева Л.А., Қарағанды облысы білім басқармасының «№ 9 арнайы мектеп-интернаты» КММ;
3 орын – Бесжигитова С.Т., Кобентаева С.С., Силамхан Л.,Қарағанды облысы білім басқармасының «№9 арнайы мектеп-интернаты» КММ.
Жеңімпаздар Қарағанды облысында білім беруді дамытудың оқу-әдістемелік орталығының дипломдарымен марапатталды, барлық қатысушыларға сертификаттар табысталады, сондай-ақ электрондық форматта арнайы жинақ шығару жоспарланып отыр.





umc-ro@umckrg.gov.kz





