«Бір отбасы-бір кітап» акциясы аясында облыстық «Оқырман отбасы» байқауының іріктеу кезеңі өткізілді
28-04-2025 19:28
«Бір отбасы-бір кітап» акциясы аясында облыстық «Оқырман отбасы» байқауының іріктеу кезеңі өткізілді

    Қарағанды облысында білім беруді дамытудың оқу-әдістемелік орталығы 2025 жылғы 28 сәуірде Қарағанды облысының аудандары/қалалары білім беру ұйымдарының оқыту тілі орыс тілінде оқытатын білім беру ұйымдары оқушыларының отбасылары үшін «Бір отбасы-бір кітап» акциясы аясында «Оқырман отбасы» байқауының іріктеу кезеңін өткізді.

    Байқау отбасылық оқу дәстүрлерін жаңғырту, жас ұрпақтың бойында отбасылық, рухани-адамгершілік құндылықтарды қалыптастыру, оқитын отбасыларды анықтау, мұғалімдер, оқушылар мен ата-аналар арасындағы байланысты бірлесіп оқу арқылы нығайту, білім беру үрдісінде сенімді қарым-қатынастарды дамыту мақсатында өткізіледі.

    Байқауға облыстың қалаларынан/аудандарынан 7 отбасы қатысты. Мектептің іріктеу және аудандық/қалалық кезеңдердің қатысушылары төрт конкурстық сынаққа қатысып, қазылар алқасының назарына «Біздің сүйікті кітабымыз» буктрейлерін ұсынды, «Батырды тап» әдеби турнирлерінде және капитандар байқауында оқылған шығармалардың мазмұны бойынша сұрақтарға жауап берді, оқылған шығармалардан үзіндіні сахналады.

Іріктеу кезеңінің қорытындысы бойынша 4 отбасы ақтық кезеңге өтті:

1. Седовтар отбасы және жетекшісі Галина Кабеновна Куанова, Саран қ «№ 1 МЛ» КММ;

2. Багировтар отбасы және жетекшісі Ирина Анатольевна Шестопал, Шахтинск қ. «№ 2 ЖББМ» КММ;

3. Өтебергеновтар отбасы және жетекшісі Дарья Васильевна  Иваниди, Теміртау қ. «№ 32 ЖББМ» КММ;

4. Қуаныш отбасы және жетекшісі Альбина Маратовна Каукенова, Балқаш қ. «Ә.Ермеков атындағы мектеп-лицейі» КММ.

Байқаудың қатысушыларына алғыс айтамыз! Ақтық кезеңге шыққан  отбасыларға сәттілік, шығармашылық табыс пен жеңіс тілейміз!