2025 жылдың 6 мамырында онлайн режимде мектепке дейінгі білім беру ұйымдарының қызметкерлері арасында «Мектепке дейінгі және мектептегі білім сабақтастығы: тәжірибе шеберханасы» тақырыбында мектепке дейінгі білім беру ұйымдары қызметкерлерінің XIII Облыстық ғылыми-практикалық конференциясы өтті.
Конференцияны Қарағанды облысында білім беруді дамытудың оқу-әдістемелік орталығының директоры Абдикерова Бакиткүл Химальдинқызы, Қарағанды облысының білім басқармасы басшысының кеңесшісі, Ы. Алтынсарин атындағы Ұлттық білім Академиясының корреспондент мүшесі, профессор, т.ғ.к. Контаев Сабит Сеитович, МДҰ және ЖББ бөлімінің меңгерушісі Мукашева Гульсым Габбасовна ашып, қатысушыларға өз сөзін арнады.
Конференция барысында Қарағанды облысындағы мектепке дейінгі білім берудің проблемалары мен перспективалары туралы мектепке дейінгі және бастауыш білім беруді синхрондау мәселелеріндегі өзекті мәселелер қаралды.
Пленарлық отырыста Шахтинск, Саран қалалары, Шет ауданының баяндамалары тыңдалып, талқыланды. Барлық баяндамалар қызықты және өзекті болды.
Пленарлық отырыстың жұмысы іскерлік, кәсіби тұрғыда өткенін айта кеткен жөн. Конференция жұмысында мектепке дейінгі білім беру ұйымдарынан 200-ден аса педагог қатысты.
Педагогтер конференция жұмысын жоғарғы деңгейде бағалады. Іс-шараға қатыса отырып, облыстық мектепке дейінгі білім беру ұйымдары педагогтері нақты жұмыс тәжірибесін алып, білім қоржынын толықтырды.





umc-ro@umckrg.gov.kz

