2025 жылдың 29 сәуірінде Қарағанды облысында білім беруді дамытудың оқу-әдістемелік орталығы басшылығымен Теміртау кәсіптік-техникалық колледжінің ұйымдастыруымен Теміртау қаласы, Тұңғыш Президенттің тарихи-мәдени орталығының базасында техникалық және кәсіптік, орта білімнен кейінгі білім беру ұйымдарының студенттері арасындағы қазақтың ұлы ақыны, қазақ жазба әдебиетінің негізін салушы Абай Құнанбайұлының 180 жылдық мерейтойына арналған облыстық дәстүрлі «АБАЙ ОҚУЛАРЫ» байқауы өтті.
Байқаудың мақсаты: халқымыздың дана ақыны, ғұлама ойшылы, сазгер Абай Құнанбайұлының даналығын, рухани асыл мұрасын насихатау, Абай шығармалары арқылы көркемсөз оқу шеберлігін, тіл мәдениетін жетілдіру, білім алушылардың шығармашылық әлеуетін ашу арқылы құндылықтарды дәріптеу.
Байқауға Қарағанды облысы колледждерінен 53 студент қатысты.
Байқау екі номинация бойынша өтті.
Байқаудың қорытындысы тәуелсіз қазылар алқасының шешімімен анықталды:
«ҚАЗАҚТА ҚАРА СӨЗГЕ ДЕС БЕРМЕДІМ» номинациясы бойынша гуманитарлық бағытта:
I орын -Мадинеш Маралжан, «Қарағанды жоғары гуманитарлық колледжі» КМҚК студенті, жетекшісі Муханова Гулден Тұңғышбайқызы;
II орын - Сайлаухан Мадияр, «Тәттімбет атындағы Қарағанды өнер колледжі» КМҚК студенті, жетекшісі Матамова Мадина Изакеновна;
ІІІ орын - Ғабдолла Айым, «Қарағанды жоғары «Bolashaq» колледжі» ЖММ студенті, жетекшісі Иманбеков Қайрат Берікболұлы.
техникалық бағытта:
I орын - Нұрлыбеков Мағжан Нұрлыбекұлы, «Қарағанды тау - кен индустриалдық колледжі» КМҚК студенті, жетекшісі Жакаев Ергулан Жаксылкович;
II орын - Амангелді Медеу Медетұлы, «Қарағанды көлік - технологиялық колледжі» КМҚК студенті, жетекшісі Даулетбаева Жұпар Даулетбаевна;
ІІІ орын - Амангелді Балауса, «Қарағанды техника - құрылыс колледжі» КМҚК студенті, жетекшісі Кусенбаева Бақытжан Орынбасаровна.
«ҰЙЫҚТАП ЖАТҚАН ЖҮРЕКТІ ӘН ОЯТАР.....»номинациясы бойынша:
I орын -Нұрпейіс Арай Боранбайқызы, «Қарағанды жоғары гуманитарлық колледжі» КМҚК студенті, жетекшісі: Касимова Алия Жумажановна;
II орын – Ертуған Жандос Айбекұлы, «Тәттімбет атындағы Қарағанды өнер колледжі» КМҚК студенті, жетекшісі Бекбергенов Асет Игликович;
ІІІ орын - Ахат Нұрәлі, «Тәттімбет атындағы Қарағанды өнер колледжі» КМҚК студенті, жетекшісі Матамова Мадина Изакеновна;
ІІІ орын - Сұлушаш Іңкәр, Сұлушаш Кәусәр, «Ж.Қ. Букенов атындағы Қарағанды Банк колледжі» ЖММ студенттері, жетекшісі Булекбаева Гульзия Камалиевна;
ІІІ орын - Қыдырбай Бекболат Саматұлы, «Қарағанды жоғары политехникалық колледжі» КМҚК студенті, жетекшісі Алипбекова Шуга Жаксылыковна.
Байқаудың ашылу салтанатында Тәттімбет атындағы Қарағанды өнер колледжінің студенттері өнер көрсетті. 2024 жылғы Абай оқулары байқауының жеңімпазы Қарағанды жоғары политехникалық колледжінің студенті Қозы Төлеген қонақ ретінде шақырылып, Абайдың оныншы қара сөзін оқып берді. Әділқазы алқасының мүшесі Теміртау қалалық мәслихатының депутаты Нұрхан Нұрмаханов өз сөзінде байқаудың жоғары деңгейін атап өтіп, жыл соңында Айбайдың қара сөздерін ең көп білетін студенттер арасында байқау жариялайтыны туралы хабарлама жасап, бас жүлдені өз атынан тағайындайтынын айтты.
Байқау жеңімпаздары Қарағанды облысында білім беруді дамытудың оқу-әдістемелік орталығының дипломдарымен марапатталды, барлық қатысушыларға сертификаттар табысталды.





umc-ro@umckrg.gov.kz






