Қарағанды облысының балаларды қолдау орталықтарының тәрбиеленушілері арасында әскери-патриоттық байқау
08-05-2025 16:15
Қарағанды облысының балаларды қолдау орталықтарының тәрбиеленушілері арасында әскери-патриоттық байқау

      2025 жылдың 08 мамырында Осакаров ауданының арнаулы әлеуметтік қызметтерге мұқтаж балаларды қолдау орталығында Ұлы Отан соғысы Жеңісінің 80 жылдығына арналған балаларды қолдау орталықтарының тәрбиеленушілері арасында әскери-патриоттық байқау өтті.

Байқауға қатысушылар майданда ерлік көрсеткен сарбаздарына арналған әндерді сахналады.  Ал «Ұрпаққа ұран болған Ұлык» зерттеу жобаларын қорғау байқауында жерлес сарбаздары, Ұлы Отан соғысының ардагері және тыл еңбеккерлерінің тағдыры туралы айтып берді. Қатысушылардың әрқайсысы көрермендердің шын жүректен қошеметіне бөленіп, үлкен ықыласпен өнер көрсетті.

         Байқаудың негізгі мақсаты-өскелең ұрпақтың бойында батылдық сезімін тәрбиелеу, ата-бабаларын құрметтеу, сондай-ақ жастардың бойында патриоттық сезімдерді ояту.

         Іс-шара соңында жеңімпаздар дипломдармен және естелік сыйлықтармен марапатталды.