2025-2026 оқу жылында қолданбалы бакалавриатты енгізуді жоспарлайтын колледждерге арналған оқыту семинары
12-05-2025 16:20
2025-2026 оқу жылында қолданбалы бакалавриатты енгізуді жоспарлайтын колледждерге арналған оқыту семинары

2025 жылғы 12 мамырда 2025-2026 оқу жылында қолданбалы бакалавриатты енгізуді жоспарлап отырған колледждер үшін оқыту семинары өтті.

Семинар қолданбалы бакалавриатты енгізу және іске асыру бойынша тәжірибе алмасудың тұғырнамасына айналды.

Нысаналы аудитория: қолданбалы бакалавриатты іске асыратын және енгізуді жоспарлайтын техникалық және кәсіптік, орта білімнен кейінгі білім беру ұйымдары директорларының орынбасарлары.

Отырыс барысында Қарағанды облысында  білім беруді дамытудың  оқу-әдістемелік орталығыбасшысының орынбасары Нартова Татьяна Георгиевна тез өзгеріп жатқан әлем мен еңбек нарығының қажеттілігі жағдайында білім беру мамандарды даярлаудың жаңа форматтарына бейімделуі және ұсынуы тиіс екенін атап өтті. Қолданбалы бакалавриат теорияны практикамен біріктіруге және студенттерді еңбек нарығының нақты сын-тегеуріндеріне дайындауға мүмкіндік беретін форматтардың біріне айналуда.

Спикерлер колледждерде қолданбалы бакалавриатты енгізу және іске асыру бойынша жұмыс тәжірибесімен бөлісті:

- Ахметов Бегзат Айткенович,  «Теміртау жоғары политехникалық колледжі» КМҚК директорының оқу-өндірістік жұмысы жөніндегі орынбасары,  Теміртау жоғары политехникалық колледжінде қолданбалы бакалавриат жұмысын ұйымдастыру бойынша;

- Оспанова Гульнара Сериковна, «Қазтұтынуодағы Қарағанды университетінің экономика, бизнес және құқық колледжі» ЖМ директорының оқу-әдістемелік жұмысы жөніндегі орынбасары, Қазтұтынуодағы Қарағанды университетінің экономика, бизнес және құқық колледжінде қолданбалы бакалавриатты іске асыру бойынша.

Семинарға қатысушылар баяндамаларды тыңдап, талқылап, Қарағанды облысының колледждерінде қолданбалы бакалавриатты енгізу және іске асыру бойынша айтылған мәселелердің өзектілігін атап өтті.

Сондай-ақ, қолданбалы бакалавриатты енгізуді жоспарлағандар үшін қолданбалы бакалавриатты іске асыратын колледждер тарапынан тәлімгерлікті ұйымдастыру мәселесі қаралды.

    Семинар қорытындысы шығарылып, ұсыныстар беріліп, ұсынымдар енгізілді.