Қарағанды облысындағы «Жасыл мектеп» жобасы жұмысының қорытындысы аясында өткізілген экологиялық фестиваль
20-05-2025 10:46
Қарағанды облысындағы «Жасыл мектеп» жобасы жұмысының қорытындысы аясында өткізілген экологиялық фестиваль

      2025 жылдың 20 мамырында Қарағанды облысында «Жасыл мектеп» жобасының 2024–2025 оқу жылындағы жұмысын қорытындылау мақсатында экологиялық фестиваль ұйымдастырылды. Іс-шараға әртүрлі білім беру ұйымдарының оқушылары мен мұғалімдері, сондай-ақ экологиялық ұйым өкілдері қатысты.

      Фестиваль барысында экологиялық тәрбиеге бағытталған қызықты ойындар, тақырыптық көрмелер, шығармашылық тапсырмалар мен шеберлік сабақтары өткізілді. Балалар табиғатты қорғау, қалдықтарды сұрыптау, қайта өңдеу және қоршаған ортаға жауапкершілікпен қарау туралы білімдерін шыңдап, белсенділік танытты.

      Фестивальдің басты ерекшелігі – оқушылардың қатысуымен жыл бойы жиналған пластик қақпақтарды қайта өңдеудің нақты нәтижесі болды. Іс-шара соңында «ECO Network» ЖШС басшысы Е.В. Мухамеджанов экологиялық белсенділігімен ерекшеленген оқушыларды арнайы алғыс хаттармен және сыйлықтармен марапаттады. Сонымен қатар, қайта өңделген қақпақтардан жасалған үстелдер мектептерге сыйға тартылды.

      Бұл фестиваль экологиялық білім беру ісіндегі маңызды оқиға болып, балаларды табиғатты қорғауға ынталандырып, практикалық дағдыларды қалыптастыруға ықпал етті.