2016 жылдың 27сәуірінде өнер мектептерімен музыкалық мектептердің қазақ халық аспаптар бөлімдерінің педагогтері үшін «Қазақ халық аспаптар сыныптарындағы тұлғалық-бағдарлы дамыта оқыту технологиялары» атты тәжірибе алаңының жұмыстарын ұйымдастыру шеңберінде облыстық семинар практикумы өтті.
Семинардың ұйымдастырушылары: «Қарағанды облысында білім беруді дамытудың оқу- әдістемелік орталығы», Қарағанды қаласы «Тәттімбет атындағы Қарағанды өнер колледжі» және Саран қаласының «№1 балалар өнер мектебі». Семинар жұмысына Балқаш, Қаражал, Қарқаралы , Саран, Шахтинск, Теміртау, Қараганды қалаларынан, Абай, Ақтоғай, Ұлытау, Нұры, Жаңаарқа, Осакаровка аудандарынан барлығы 46 педагог қатысты.
Семинар қатысушыларына Қарағанды қаласының мамандырылған музыкалық мектеп-интернатының педагогі Альжанова К.С., Тәттімбет атындағы Қарағанды өнер колледжінің педагогтері Аркенов Д.М, Шоқанбаев А. және Саран қаласының №1 балалар өнер мектебінің педагогі К.Қ.Нұрсафина ашық сабақтар мен шеберлік сыныптар көрсетті.