2016 жылдың 27сәуірінде өнер мектептерімен музыкалық мектептердің қазақ халық аспаптар бөлімдерінің педагогтері үшін облыстық семинар практикумы өтті.
27-04-2016 12:01
2016 жылдың 27сәуірінде өнер мектептерімен музыкалық мектептердің қазақ халық аспаптар бөлімдерінің педагогтері үшін облыстық семинар практикумы өтті.

     2016 жылдың 27сәуірінде өнер мектептерімен музыкалық мектептердің қазақ халық аспаптар бөлімдерінің педагогтері үшін «Қазақ халық аспаптар сыныптарындағы тұлғалық-бағдарлы дамыта оқыту технологиялары» атты тәжірибе алаңының жұмыстарын ұйымдастыру шеңберінде облыстық семинар практикумы өтті.

     Семинардың ұйымдастырушылары:  «Қарағанды облысында білім беруді дамытудың оқу- әдістемелік орталығы», Қарағанды қаласы «Тәттімбет атындағы Қарағанды өнер колледжі» және Саран қаласының «№1 балалар өнер мектебі». Семинар жұмысына  Балқаш, Қаражал, Қарқаралы , Саран, Шахтинск, Теміртау, Қараганды қалаларынан,  Абай, Ақтоғай, Ұлытау, Нұры, Жаңаарқа, Осакаровка  аудандарынан барлығы  46 педагог қатысты.

     Семинар қатысушыларына  Қарағанды қаласының  мамандырылған музыкалық  мектеп-интернатының педагогі Альжанова К.С., Тәттімбет атындағы Қарағанды өнер колледжінің педагогтері Аркенов Д.М, Шоқанбаев А. және  Саран қаласының №1 балалар өнер мектебінің педагогі К.Қ.Нұрсафина  ашық сабақтар мен шеберлік сыныптар көрсетті.