«Білім берудің қол жетімділігі, мәдениет ретінде: Түркия Республикасындағы инклюзивті білім беру тәжірибесі» бейне көпірі
27-05-2025 17:34
«Білім берудің қол жетімділігі, мәдениет ретінде: Түркия Республикасындағы инклюзивті білім беру тәжірибесі» бейне көпірі

      2025 жылдың 27 мамырында Қарағанды облысында білім беруді дамытудыңоқу-әдістемелік орталығы «Білім берудің қолжетімділігі, мәдениет ретінде: Түркия Республикасындағы инклюзивті білім беру тәжірибесі» атты бейнекөпір өткізді.

Іс-шара Қарағанды, Қостанай облыстары мен Шымкент қаласының техникалық және кәсіптік, орта білімнен кейінгі білім беру ұйымдарының педагогтарының қатысуымен өтті.

Спикерлер: инклюзивті білім беру бойынша халықаралық тағылымдамадан өткен педагогтар, атап айтқанда, Нұрахметова Мариям Жұмабайқызы – «Көкшетау қаласының жоғары техникалық колледжі»МКҚК ақпараттық технологиялар бөлімінің меңгерушісі, Майер Дмитрий Владимирович – «Көкшетау қаласының жоғары техникалық колледжі»МКҚК арнайы пәндер оқытушысы, Ахметова Әлия - «Қарағанды техникалық-құрылыс колледжі»КМҚК директорының оқу-тәрбие жұмысы жөніндегі орынбасары.

Іс-шараға қатысушылар мемлекетте мүмкіндігі шектеулі оқушыларды ғана емес, олардың ата-аналарын да психологиялық-педагогикалық сүйемелдеудің сапалы жүйесі ұйымдастырылғанын атап өтті, бұл психикалық және физикалық денсаулық жағдайында шектеулері бар жасөспірімдердің мансаптық қалыптасуына әсер етеді. Түрік тәжірибесі қоғамның мүмкіндігі шектеулі жандарға деген көзқарасын терең өзгертпестен білім берудегі инклюзия мүмкін еместігін көрсетті. Түркиядағы инклюзивті білім тек білім беру моделі ретінде ғана емес, гуманистік мәдениеттің элементі ретінде де қарастырылады.

Маңыздысы - тәжірибе алмасу байытады және шабыттандырады. Сондықтан бейне көпір озық тәжірибелермен алмасуға және педагогтердің кәсіби өсуіне ықпал ететін сындарлы диалог алаңына айналды.

Іс-шара қорытындысы бойынша ерекше білім беру қажеттіліктері бар студенттерді, сондай-ақ олардың ата-аналарын психологиялық-педагогикалық сүйемелдеу бойынша жұмысты күшейту бөлігінде ұсынымдар әзірленді.

Шараға 60  педагог қатысты.