Республикалық жоба «943-елдің нысаналы мектептерін дамыту» шеңберінде нысаналы мектептердің педагогтеріне арналған жоғары деңгейлі курс
30-05-2025 18:31
Республикалық жоба «943-елдің нысаналы мектептерін дамыту» шеңберінде нысаналы мектептердің педагогтеріне арналған  жоғары деңгейлі курс

      Республикалық жоба «943 - елдің нысаналы мектептерін дамытуды» іске асыру шеңберінде 2025 жылдың 26-30 мамыр аралығында нысаналы мектептердің педагогтері үшін жоғары деңгейлі курстар өткізілді.

      Курстың мақсаты: нысаналы мектептерде білім беру сапасын арттыру және оқу нәтижелерін жақсарту. Педагогтердің кәсіби дамуы, оқытудың заманауи әдістері мен стратегияларын игеру, сондай-ақ оқытудың инновациялық тәсілдерін іске асыруында қолдау арқылы қол жеткізу жоспарлануда.

      Оқытуға бастауыш сынып мұғалімдері, сондай-ақ математика, информатика, физика, химия, биология, география, тарих, қазақ тілі  мен әдебиеті, орыс тілі және ағылшын тілдерінің пән мұғалімдері қатысты. Курс аясында диагностикалық, аралық және қорытынды тестілеу өткізілді:

  • Диагностикалық тестілеу педагогтардың құзыреттілігінің бастапқы деңгейін анықтауға мүмкіндік берді;
  • Курс барысында жүргізілетін аралық бағалау әрбір қатысушының кәсіби өсу динамикасын бақылауға мүмкіндік берді;
  • Курс соңында қорытынды жұмыс ретінде алынған білім мен дағдыларды бағалауға, сондай-ақ олардың практикалық қолданылуын тексеруге бағытталған.

      Нысаналы мектептерді дамыту аясында жыл бойы тренингтер, әдістемелік ұсынымдар, коучингтер, педагогикалық тәжірибе алмасу, сабаққа қатысу мониторингі, сабақтарды талдау, озық тәжірибелерді тарату сияқты қосымша іс-шараларды іске асыру оң нәтижелерге қол жеткізуге және білім беру сапасын арттыруға бағытталған.