Республикалық жоба «943 - елдің нысаналы мектептерін дамытуды» іске асыру шеңберінде 2025 жылдың 26-30 мамыр аралығында нысаналы мектептердің педагогтері үшін жоғары деңгейлі курстар өткізілді.
Курстың мақсаты: нысаналы мектептерде білім беру сапасын арттыру және оқу нәтижелерін жақсарту. Педагогтердің кәсіби дамуы, оқытудың заманауи әдістері мен стратегияларын игеру, сондай-ақ оқытудың инновациялық тәсілдерін іске асыруында қолдау арқылы қол жеткізу жоспарлануда.
Оқытуға бастауыш сынып мұғалімдері, сондай-ақ математика, информатика, физика, химия, биология, география, тарих, қазақ тілі мен әдебиеті, орыс тілі және ағылшын тілдерінің пән мұғалімдері қатысты. Курс аясында диагностикалық, аралық және қорытынды тестілеу өткізілді:
- Диагностикалық тестілеу педагогтардың құзыреттілігінің бастапқы деңгейін анықтауға мүмкіндік берді;
- Курс барысында жүргізілетін аралық бағалау әрбір қатысушының кәсіби өсу динамикасын бақылауға мүмкіндік берді;
- Курс соңында қорытынды жұмыс ретінде алынған білім мен дағдыларды бағалауға, сондай-ақ олардың практикалық қолданылуын тексеруге бағытталған.
Нысаналы мектептерді дамыту аясында жыл бойы тренингтер, әдістемелік ұсынымдар, коучингтер, педагогикалық тәжірибе алмасу, сабаққа қатысу мониторингі, сабақтарды талдау, озық тәжірибелерді тарату сияқты қосымша іс-шараларды іске асыру оң нәтижелерге қол жеткізуге және білім беру сапасын арттыруға бағытталған.





umc-ro@umckrg.gov.kz



















