CPFED Uzdik IT Ustaz олимпиадасы Республикалық кезеңі
02-06-2025 14:55
CPFED Uzdik IT Ustaz олимпиадасы Республикалық кезеңі

      2025 жылдың 26–28 мамыр күндері Астана қаласында информатика пәні мұғалімдеріне арналған спорттық бағдарламалау бойынша республикалық олимпиаданың финалдық кезеңі өтті.

Іріктеу кезеңдеріне 800-ге жуық мұғалім қатысып, олардың ішінен 13 өңірден 43 үздік ұстаз финалға өтті.

Қарағанды облысынан 3 педагог республикалық кезеңге жолдама алды.

  • Осакаров ауданы, «№12 тірек мектебі (РО)» КММ - Пак Андрей Викторович;
  • Осакаров ауданы «№9 гимназия базасындағы (РО) тірек мектебі» КММ – Федоров Юрий Владимирович;
  • Нұра ауданы, «М.Жұмабаев атындағы мектеп-гимназиясы» КММ – Азаматұлы Жасұлан.

Республикалық кезеңде қола медальмен (3-орын) - Осакаров ауданы «№9 гимназия базасындағы (РО) тірек мектебі» КММ, информатика пәні мұғалімі  Федоров Юрий Владимирович марапатталды.

Педагогтар тек жарысу үшін ғана емес, мықты IT-комьюнити қалыптастыру үшін де жиналды.

Білім беру ісін дамытуға үлес қосқан барлық мұғалімдерге алғысымызды білдіреміз!