CPFED Uzdik IT Ustaz олимпиадасы Республикалық кезеңі
2025 жылдың 26–28 мамыр күндері Астана қаласында информатика пәні мұғалімдеріне арналған спорттық бағдарламалау бойынша республикалық олимпиаданың финалдық кезеңі өтті.
Іріктеу кезеңдеріне 800-ге жуық мұғалім қатысып, олардың ішінен 13 өңірден 43 үздік ұстаз финалға өтті.
Қарағанды облысынан 3 педагог республикалық кезеңге жолдама алды.
- Осакаров ауданы, «№12 тірек мектебі (РО)» КММ - Пак Андрей Викторович;
- Осакаров ауданы «№9 гимназия базасындағы (РО) тірек мектебі» КММ – Федоров Юрий Владимирович;
- Нұра ауданы, «М.Жұмабаев атындағы мектеп-гимназиясы» КММ – Азаматұлы Жасұлан.
Республикалық кезеңде қола медальмен (3-орын) - Осакаров ауданы «№9 гимназия базасындағы (РО) тірек мектебі» КММ, информатика пәні мұғалімі Федоров Юрий Владимирович марапатталды.
Педагогтар тек жарысу үшін ғана емес, мықты IT-комьюнити қалыптастыру үшін де жиналды.
Білім беру ісін дамытуға үлес қосқан барлық мұғалімдерге алғысымызды білдіреміз!





umc-ro@umckrg.gov.kz





