2025 жылдың 4–7 маусымы аралығында Қарағанды жоғары политехникалық колледжі базасында «Төтенше жағдайларда қорғау» және «Өрт қауіпсіздігі» кафедраларының ұйымдастыруымен іздестіру-құтқару және авариялық-құтқару жұмыстарын жетілдіру, сондай-ақ халықаралық жарыстарға дайындық мақсатында құтқару көпсайысы бойынша «Аман қалу жолы» атты өңіраралық ашық жарыстары өтті.
Жарыс «Қарағанды облысында білім беруді дамытудың оқу-әдістемелік орталығы» КМҚК басшылығымен, сондай-ақ Қарағанды жоғары политехникалық колледжінің әкімшілігі мен қызметкерлерінің, Қарағанды облысы ТЖД «Қарағанды қаласының жедел-құтқару жасағы» мемлекеттік мекемесінің, ҚР ТЖМ «52859 әскери бөлімі» мемлекеттік мекемесінің, «Қазақстан Қызыл Жарты Ай қоғамы» ЗТБ Қарағанды облыстық филиалының және ауыз су жеткізуші «Крокус» компаниясының қолдауымен және қатысуымен өткізілді.
Жарыстың бірінші күні «Қарағанды жоғары политехникалық колледжі» ҚМҚК базасында «Қазақстандағы техникалық және кәсіптік білім беру: стандарттардан инновацияларға» тақырыбында дөңгелек үстел өтті. Бұл іс-шара Қазақстан Республикасы мен Ресей Федерациясының техникалық және кәсіптік білім беру жүйесі өкілдері арасындағы ашық диалог үшін маңызды алаңға айналды.
Биыл жарыс жаңа деңгейге көтерілді: ол азаматтық қорғаныс саласы бойынша мамандар даярлайтын Қазақстан Республикасы колледждерінің, сондай-ақ кәсіби авариялық-құтқару құрылымдарының қатысуымен өңірлік чемпионат форматында ұйымдастырылды.
Командалар құрамына Қазақстан Республикасы колледждерінің студенттері мен құтқару қызметтерінің қызметкерлері енді, атап айтқанда:
- Қарағанды жоғары политехникалық колледжі;
- Шахтинск технологиялық колледжі;
- «Астана Профи» қалалық шаруашылық колледжі;
- Солтүстік Қазақстан кәсіби-педагогикалық колледжі;
- ҚР ТЖМ Қарағанды қаласы Төтенше жағдайлар департаментінің құтқару бөлімшесі;
- ҚР ТЖМ Теміртау қаласы Төтенше жағдайлар департаментінің құтқару бөлімшесі;
- ҚР ТЖМ Топар кенті Төтенше жағдайлар департаментінің құтқару бөлімшесі;
- М. Мамраев атындағы №52859 әскери бөлім.
Колледж студенттері үшін жарыстар келесі кезеңдерден тұрды:
- Техногендік ортада авариялық-құтқару жұмыстары
- Жергілікті жерде іздестіру-құтқару жұмыстары
- ККЖ(турникке тартылу, аяқтарды турникке көтеру, айналып көтерілу), 6×3000 м эстафетасы
Мамандар үшін қосымша кезеңдер:
- ККЖ (турникке тартылу, аяқтарды турникке көтеру, айналып көтерілу және күшпен көтерілу), 6×3000 м эстафетасы
- Суға батып бара жатқан адамды құтқару элементтерімен жүзу («Дельфин» бассейнінде)
Колледж студенттері арасындағы жарыс қорытындысы бойынша:
1- орын - Қарағанды жоғары политехникалық колледжінің құрама командасы;
2 - орын - Солтүстік Қазақстан кәсіби-педагогикалық колледжінің құрама командасы;
3 орын - Шахтинск технологиялық колледжінің құрама командасы;
3 орын - «Астана Профи» қалалық шаруашылық колледжінің құрама командасы.
Құтқару қызметкерлері арасындағы нәтижелер бойынша:
1 орын - ҚР ТЖМ Қарағанды облысы Төтенше жағдайлар департаментінің Қарағанды қалалық жедел-құтқару жасағының құрама командасы;
2 орын - М. Мамраев атындағы №52859 әскери бөлім командасы;
3 орын - ҚР ТЖМ Қарағанды облысы Төтенше жағдайлар департаментінің Топар кентіндегі жедел-құтқару жасағының құрама командасы;
3 орын - ҚР ТЖМ Қарағанды облысы Төтенше жағдайлар департаментінің Теміртау қалалық жедел-құтқару жасағының құрама командасы.
Жарыс қатысушыларға тек нақты төтенше жағдайларға барынша жақын жағдайларда өз білімдері мен дағдыларын көрсетуге ғана емес, сонымен қатар кәсіби байланыстар орнатып, тәжірибе алмасуға және әрі қарайғы кәсіби дамуына қуатты серпін алуға мүмкіндік берді.
Жеңімпаздар мен жүлдегерлер Қарағанды облысында білім беруді дамытудың оқу-әдістемелік орталығының дипломдарымен, сондай-ақ Қарағанды жоғары политехникалық колледжінің медальдары және естелік сыйлықтарымен марапатталды.





umc-ro@umckrg.gov.kz











