Размер шрифта:
ИНКЛЮЗИВТІ БІЛІМ БЕРУ
11-06-2025 18:48
ИНКЛЮЗИВТІ БІЛІМ БЕРУ

      11 маусымда инклюзивті білім берудің ресурстық орталықтарын дамыту жөніндегі облыстық жобаның бірінші кезеңінің қорытындысын шығару аясында Осакаров ауданының білім бөлімінің «А. Бөкейхан атындағы Тірек мектебі (ресурстық орталық)» КММ базасында семинар-практикум өткізілді.

      Іс-шара барысында «№3 жалпы білім беретін мектеп» КММ инклюзивті білім беруді дамыту ресурстық орталығының Осакаров ауданының балабақшалары мен мектептерімен өзара іс-әрекеттесу тәжірибесі ұсынылды.

     Семинар тәжірибе алмасуүшін, ерекше білім беруді қажет ететін балаларды оқыту және дамыту, сондай-ақ әлеуметтендіру мәселелері бойынша педагогтердің практикалық құзыреттілігін арттыруға арналған маңызды алаңға айналды.

      Кездесу соңында Теміртау (Гешеле Я.Ю.), Шахтинск (Қыстаубаева А.З.), Қарағанды (Исатаева У.Н.)қалаларының, Осакаров ауданы (Байдалиева А.Р.) білім бөлімдерінің әдіскерлері 2024-2025 оқу жылында өңірлік ресурстық орталықтар жұмысының тиімділігіне баға беріп, оларды одан әрі дамытудың басым бағыттарын белгіледі.