11 маусымда инклюзивті білім берудің ресурстық орталықтарын дамыту жөніндегі облыстық жобаның бірінші кезеңінің қорытындысын шығару аясында Осакаров ауданының білім бөлімінің «А. Бөкейхан атындағы Тірек мектебі (ресурстық орталық)» КММ базасында семинар-практикум өткізілді.
Іс-шара барысында «№3 жалпы білім беретін мектеп» КММ инклюзивті білім беруді дамыту ресурстық орталығының Осакаров ауданының балабақшалары мен мектептерімен өзара іс-әрекеттесу тәжірибесі ұсынылды.
Семинар тәжірибе алмасуүшін, ерекше білім беруді қажет ететін балаларды оқыту және дамыту, сондай-ақ әлеуметтендіру мәселелері бойынша педагогтердің практикалық құзыреттілігін арттыруға арналған маңызды алаңға айналды.
Кездесу соңында Теміртау (Гешеле Я.Ю.), Шахтинск (Қыстаубаева А.З.), Қарағанды (Исатаева У.Н.)қалаларының, Осакаров ауданы (Байдалиева А.Р.) білім бөлімдерінің әдіскерлері 2024-2025 оқу жылында өңірлік ресурстық орталықтар жұмысының тиімділігіне баға беріп, оларды одан әрі дамытудың басым бағыттарын белгіледі.





umc-ro@umckrg.gov.kz





