Размер шрифта:
2016 жылдың 29 сәуірінде Алматы қаласында балалардың ғылыми-техникалық шығармашылығын дамыту сұрақтары бойынша Республикалық Үйлестіру кеңесі өтті.
29-04-2016 12:30
2016 жылдың 29 сәуірінде Алматы қаласында балалардың ғылыми-техникалық шығармашылығын дамыту сұрақтары бойынша Республикалық Үйлестіру кеңесі өтті.

  2016 жылғы 29 сәуірде  Қарағанды облысында білім беруді дамытудың оқу-әдістемелік орталығының  директоры Г.Ш. Қожахметова Алматы қаласында өткен балалардың ғылыми-техникалық шығармашылығын дамыту сұрақтары бойынша Республикалық Үйлестіру кеңесінің кеңейтілген отырысына қатысты.

  Отырыс барысында келесі мәселелерді талқылауға айрықша назар аударылды:

    - ғылыми-техникалық шығармашылықты дамытудағы заманауи үрдістер;

    - Қазақстандағы мектептік және студенттік кәсіпкерліктің проблемалары мен даму келешегі;

    - оқушылардың кәсіпкерлік ойлау қабілетін дамыту;

    - Қазақстанның стартап-индустриясы: өткені, қазіргі жағдайы және даму болашағы.        

   Үйлестіру кеңесінің қатысушылары қорытынды ұсынымдар әзірледі.