2016 жылдың 29 сәуірінде Алматы қаласында балалардың ғылыми-техникалық шығармашылығын дамыту сұрақтары бойынша Республикалық Үйлестіру кеңесі өтті.
2016 жылғы 29 сәуірде Қарағанды облысында білім беруді дамытудың оқу-әдістемелік орталығының директоры Г.Ш. Қожахметова Алматы қаласында өткен балалардың ғылыми-техникалық шығармашылығын дамыту сұрақтары бойынша Республикалық Үйлестіру кеңесінің кеңейтілген отырысына қатысты.
Отырыс барысында келесі мәселелерді талқылауға айрықша назар аударылды:
- ғылыми-техникалық шығармашылықты дамытудағы заманауи үрдістер;
- Қазақстандағы мектептік және студенттік кәсіпкерліктің проблемалары мен даму келешегі;
- оқушылардың кәсіпкерлік ойлау қабілетін дамыту;
- Қазақстанның стартап-индустриясы: өткені, қазіргі жағдайы және даму болашағы.
Үйлестіру кеңесінің қатысушылары қорытынды ұсынымдар әзірледі.