Қарағанды облысының физика пәні мұғалімдерінің секциялық отырысы
18-08-2025 14:12
 Қарағанды облысының физика пәні мұғалімдерінің секциялық отырысы

      Қарағанды облысында білім беруді дамытудың оқу-әдістемелік орталығымен 2025 жылдың 18 тамызында Балқаш қаласының «Ә.Бөкейханов атындағы мектеп-лицей» КММ базасында  «БІЛІМ КЕЛЕШЕГІ: АДАЛ АЗАМАТ – КӘСІБИ МАМАН» атты Қарағанды облысы педагогикалық қызметкерлердің облыстық тамыз конференциясы аясында физика пәні мұғалімдерінің секциялық отырысы өткізілді.

 Секциялық отырыстың тақырыбы: Оқытудың пәндік және мета пәндік нәтижелері арқылы физиканы оқытуға негізгі құндылықтарды біріктіру.

Мақсаты: Оқытудың заманауи әдістері мен тәсілдерін игеру және оларды оқу үдерісінде жүзеге асыру арқылы педагогтердің кәсіби шеберлігін жетілдіру.

Физика пәні мұғалімдерінің секциялық отырысы аясында келесі мәселелер қарастырылды:

- 2025-2026 оқу жылында білім беру процесін ұйымдастырудың ерекшеліктері;

- Қарағанды облысында ББД ОӘО  жұмысының нәтижелерінің талдауы;

- 2024-2025 оқу жылының жұмыс жоспары.

- 2023-2024 оқу жылындағы «Физика» пәнінің білім сапасының талдауы;

- сабақты талдау, сабақтың өзіндік талдауы;

- педагогтерді аттестаттау: құжаттар, талаптар, жіберілетін қателіктер;

- педагогтердің авторлық бағдарламасын әзірлеу;

- құндылыққа негізделген білім беру;

- оқушылардың ғылыми-жаратылыстану сауаттылығын дамыту тәсілдері;

- оқушылардың ғылыми-жаратылыстану сауаттылығын қалыптастыруда жасанды интеллектіні қолданудың оң және теріс жақтары;

- физика сабақтарында зертханалық жұмыстарды ұйымдастыру және жүргізу әдістемесі;

- Физика кабинетін жабдықтау: негізгі талаптар. Қарағанды облысының физика кабинеттеріне жүргізілген зерделеу нәтижесі.

Сондай-ақ, облысымыздың әдіскерлері, жетекші мұғалімдері және жас мамандары да өздерінің тәжірибелерімен бөлісті:

Сулейманова Гульжазира Омирзаковна, «Қарағанды облысында білім беруді дамытудың оқу-әдістемелік орталығы» КМҚК әдіскері;

Жумабекова Эльмира Батырхановна,«Озат» ақпараттық технологиялар» мамандандырылған мектеп-лицей-интернаты» КММ директорының орынбасары, физика пәнінің мұғалімі

Степашова Татьяна Алексеевна,Қарағанды қаласы «Қ.Сәтбаев атындағы гимназия» КММ физика пәнінің мұғалімі

Барышева Марина Николаевна, Қарағанды қаласы «Академик Е.А. Бөкетов атындағы ЖББМ» КММ физика пәнінің мұғалімі;

Накипбекова Жанаргул Амантаевна, Қарағанды қаласы «Әл-Фараби атындағы мектеп-гимназия» КММ физика пәнінің мұғалімі.