Қарағанды облысының білім беруді дамыту оқу-әдістемелік орталығы 2025 жылғы 20 тамызда Шет ауданы мен Шахтинск қаласының орыс тілі мен әдебиеті пәні мұғалімдері үшін облыстық тамыз конференциясының секциялық отырысын өткізді.
Отырыста келесі өзекті тақырыптар қарастырылды: өткен оқу жылындағы орыс тілі мен әдебиеті пәндері бойынша білім сапасына талдау, орыс тілі мен әдебиеті пәні мұғалімдері ассоциациясының жұмысына талдау, білім беру үдерісін ұйымдастырудың ерекшеліктері мен 2025-2026 оқу жылына арналған жұмыс жоспары, педагогтардың аттестациясына қатысты өзекті мәселелер: ережелер мен талаптар, сабаққа талдау, сапалы әдістемелік әзірлеменің критерийлері.
Секция жұмысына Қарағанды облысының білім беруді дамытудың ОӘО әдіскері Цой Ксения Петровна, Теміртау қаласындағы «Б.Момышұлы атындағы ЖББМ» КММ орыс тілі мен әдебиеті пәні мұғалімі Филатова Светлана Ивановна, Қарағанды облысының «Дарын» ММЛИ» КММ орыс тілі мен әдебиеті пәні мұғалімі Қадірқызы Айгүл, Қарағанды қаласындағы «әл-Фараби атындағы мектеп-гимназиясы» КММ орыс тілі мен әдебиеті пәні мұғалімі Сүлейменова Татьяна Ивановна, Қарағанды облысының «Жамбыл атындағы ММЛИ» КММ орыс тілі мен әдебиеті пәні мұғалімі Баульбекова Александра Владимировна қатысты.
Секциялық отырысқа 54 орыс тілі және әдебиеті пән мұғалімдері қатысты. Кездесу жылы атмосферада өтіп, ашық пікір алмасуға және кәсіби диалог жүргізуге ықпал етті. Қатысушылар көтерілген мәселелердің маңыздылығын атап өтіп, жаңа оқу жылының міндеттерін жүзеге асыру аясында әрі қарай ынтымақтастыққа дайын екендіктерін білдірді.





umc-ro@umckrg.gov.kz





