Шет ауданы мен Шахтинск қаласының шет тілдері пәні мұғалімдерінің тамыздық секциялық отырысы «Білім келешегі: адал азамат – кәсіби маман»
Қарағанды облысының білім беруді дамыту оқу-әдістемелік орталығы 2025 жылғы 20 тамызда Шет ауданы мен Шахтинск қаласының шет тілдері пәні мұғалімдері үшін облыстық тамыз конференциясының секциялық отырысын өткізді.
Отырыста келесі өзекті тақырыптар қарастырылды: өткен оқу жылындағы шет тілдері бойынша білім сапасына талдау, шет тілдері пәні мұғалімдері ассоциациясының жұмысына талдау, білім беру үдерісін ұйымдастырудың ерекшеліктері мен 2025-2026 оқу жылына арналған жұмыс жоспары, педагогтардың аттестациясына қатысты өзекті мәселелер: ережелер мен талаптар, сабаққа талдау, сапалы әдістемелік әзірлеменің критерийлері.
Секция жұмысына Қарағанды облысының білім беруді дамытудың ОӘО әдіскері Цой Ксения Петровна, Қарағанды облысының «Өркен» шет тілдері пәні мұғалімдері ассоциациясының төрайымы, Қарағанды қаласындағы «№19 орта мектеп» КММ ағылшын тілі пәні мұғалімі Сержан Алтынгүл, Қарағанды облысының «Мұрагер» ММЛИ» КММ ағылшын тілі пәні мұғалімі Испулаева Алмагүл Бакитовна, Шет ауданы «Жарық жалпы білім беру мектебі» КММ ағылшын тілі пәні мұғалімі Жаукумова Камар Қайратқызы, Саран қаласындағы «№6 орта мектеп» КММ ағылшын тілі пәні мұғалімі Миронова Ирина Владимировна қатысты.
Секциялық отырысқа 45 ағылшын тілі пәні мұғалімдері қатысты. Кездесу жылы әрі достық атмосферада өтіп, ашық пікір алмасуға және кәсіби диалог жүргізуге мүмкіндік берді. Қатысушылар көтерілген мәселелердің маңыздылығын атап өтіп, жаңа оқу жылының міндеттерін жүзеге асыруда әрі қарай ынтымақтастыққа дайын екендіктерін білдірді.





umc-ro@umckrg.gov.kz





