Қарағанды облысының білім басқармасы Қарағанды облысының білім беруді дамытудың оқу-әдістемелік орталығымен бірлесіп, 2025 жылғы 25 тамызда Абай ауданының және Теміртау қаласының білім беру ұйымдарының география, тарих, дене шынықтыру және бастапқы әскери технологиялық дайындық мұғалімдеріне арналған «2025-2026 оқу жылында білім беру үрдісін ұйымдастырудың ерекшеліктері» тақырыбында секциялық отырыс өткізді.
Секциялар жұмысы барысында 2025-2026 оқу жылында білім беру үрдісін ұйымдастырудың ерекшеліктері қаралды. Білім беру ұйымдарында география, Қазақстан тарихы және дүниежүзілік тарих бойынша білім сапасына баса назар аударылды
Сонымен қатар, сабақтарды талдау және өзіндік талдау, білім алушыларды қалыптастырушы және жиынтық бағалау кезінде дескрипторларды тиімді пайдалану ерекшеліктері талқыланды. 2025-2026 оқу жылына арналған әдістемелік нұсқау хаттың ерекшеліктері қаралды. Жасанды интелекті білім алушылармен тиімді өзара іс-әрекеттер қадамы ретінде пайдалану.
Секциялық отырыстар барысында педагогтарды аттестаттау үрдісін ұйымдастыру, педагогтардың авторлық материалдарын әзірлеу, авторлық әзірлемелер негізінде педагогикалық тәжірибені тарату алгоритмі ұсынылды.
Тарих мұғалімдерінің секциялық отырысына қатысушыларға сондай-ақ «Цифрлық мұғалім» республикалық жобасын іске асыру шеңберінде оқырмандар сауаттылығын дамыту, әлеуметтік осал отбасылардың білім алушыларымен қиындық туғызатын тақырыптар бойынша жұмыс тәжірибесін жалпылау көрсетілді. Секциялық отырыстар ізгі ниетті жағдайда өтті.





umc-ro@umckrg.gov.kz





