Бұқар жырау ауданының орыс тілі мен әдебиеті, шет тілдері пәні мұғалімдерінің тамыздық секциялық отырысы «Білім келешегі: адал азамат – кәсіби маман»
22-08-2025 14:55
Бұқар жырау ауданының  орыс тілі мен әдебиеті, шет тілдері пәні мұғалімдерінің тамыздық секциялық отырысы «Білім келешегі: адал азамат – кәсіби маман»

      Қарағанды облысының білім беруді дамыту оқу-әдістемелік орталығы 2025 жылғы 22 тамызда Бұқар жырау ауданының шет тілдері пәні мұғалімдері үшін облыстық тамыз конференциясының секциялық отырысын өткізді.

      Отырыста келесі өзекті тақырыптар қарастырылды: өткен оқу жылындағы шет тілдері бойынша білім сапасына талдау, шет тілдері пәні мұғалімдері ассоциациясының жұмысына талдау, білім беру үдерісін ұйымдастырудың ерекшеліктері мен 2025-2026 оқу жылына арналған жұмыс жоспары, педагогтардың аттестациясына қатысты өзекті мәселелер: ережелер мен талаптар, сабаққа талдау, сапалы әдістемелік әзірлеменің критерийлері.

      Секция жұмысына Қарағанды облысының «Өркен» шет тілдері пәні мұғалімдері ассоциациясының төрайымы, Қарағанды қаласындағы «№19 орта мектеп» КММ ағылшын тілі пәні мұғалімі Сержан Алтынгүл, Қарағанды облысының «Дарын» ММЛИ» орыс тілі пәні мұғалімі Қадырқызы  Айгуль, Қарағанды облысының «Жамбыл атындағы ММЛИ» орыс тілі пәні мұғалімі Баульбекова Александра Владимировна, Шет ауданы «Жарық жалпы білім беру мектебі» КММ ағылшын тілі пәні мұғалімі Жаукумова Камар Қайратқызы қатысты.

     Секциялық отырысқа 17 орыс тілі, 24 ағылшын тілі пәндері мұғалімдері қатысты. Кездесу жылы әрі достық атмосферада өтіп, ашық пікір алмасуға және кәсіби диалог жүргізуге мүмкіндік берді.