Облыс колледждерінің педагогтеріне арналған «БІЛІМ КЕЛЕШЕГІ: АДАЛ АЗАМАТ - КӘСІБИ МАМАН» облыстық тамыз конференциясының секциялық онлайн отырыстары
29-08-2025 16:13
Облыс колледждерінің педагогтеріне арналған  «БІЛІМ КЕЛЕШЕГІ: АДАЛ АЗАМАТ - КӘСІБИ МАМАН»  облыстық тамыз конференциясының секциялық онлайн отырыстары

      Қарағанды облысында білім беруді дамытудың оқу-әдістемелік орталығы 2025 жылғы 26-29 тамыз аралығында 27 облыстық әдістемелік бірлестік бөлінісінде Қарағанды облысының педагог қызметкерлерінің «БІЛІМ КЕЛЕШЕГІ: АДАЛ АЗАМАТ - КӘСІБИ МАМАН» облыстық тамыз конференциясы шеңберінде техникалық және кәсіптік, орта білімнен кейінгі білім беру ұйымдары педагогтерінің секциялық отырыстарын онлайн форматта өткізді.

Секциялық отырыстар барысында Қарағанды облысында білім беруді дамытудың оқу-әдістемелік орталығы басшысының орынбасары А.Г. Нартованың және колледждердің 41 жетекші педагогтерінің баяндамалары ұсынылды, олар білім беру сапасын арттырудың және азаматтық құндылықтарды сіңірудің үздік тәжірибелерімен бөлісті.

Сондай-ақ 2024-2025 оқу жылындағы әрбір облыстық әдістемелік бірлестік қызметінің нәтижелері және 2025-2026 оқу жылына арналған міндеттер қаралды, ОӘБ жұмысының жоспарлары ұсынылды және талқыланды.

Отырыс соңында ашық пікірталастар, сұрақ-жауаптар өткізілді, ұсыныстар берілді, проблемалық нүктелер талқыланды.

Отырысқа облыс колледждерінің 860 педагогы қатысты.