Қарағанды облысында білім беруді дамытудың оқу-әдістемелік орталығы 2025 жылдың 25 тамызында «Қарағанды техника-құрылыс колледжі» КМҚК базасында Қарағанды облысының педагогикалық қызметкерлерінің «БІЛІМ КЕЛЕШЕГІ: АДАЛ АЗАМАТ - КӘСІБИ МАМАН» облыстық тамыз конференциясының шеңберіндегітехникалық және кәсіптік, орта білімнен кейінгі білім беру ұйымдары директорларының оқу, оқу-өндірістік, ғылыми-әдістемелік жұмыс жөніндегі орынбасарларының және әдіскерлерінің секциялық отырысын өткізді.
Секциялық отырыс барысында Қарағанды облысында білім беруді дамытудың оқу-әдістемелік орталығы басшысының орынбасары Т.Г.Наротованың; техникалық және кәсіптік, орта білімнен кейінгі білім беру бөлімінің әдіскерлері И.А.Зубареваның, А.А.Кнашинаның, С.О.Шаяхметованың, И.П.Шленскаяның, сондай-ақ білім беру сапасын арттырудың үздік тәжірибелерімен бөліскен колледждердің жетекші педагогтері – О.В.Германның, О.В.Лизогубтың Г.К.Танирбергенованың, Е.А.Яшукованың баяндамалары ұсынылды.
Келесі мәселелер қаралды:
- техникалық және кәсіптік, орта білімнен кейінгі білім беру бөлімінің 2024-2025 оқу жылындағы қызметінің нәтижелері және 2025-2026 оқу жылына арналған міндеттер;
- авторлық материал негізінде озық педагогикалық тәжірибені әзірлеу, бағалау және тарату туралы;
- облыс педагогтерінің республикалық салалық кәсіби шеберлік конкурстарына қатысу нәтижелері туралы.
Отырыс соңында онлайн рефлексия өткізіліп, сұрақтар-жауаптар, ұсыныстар мен тілектер айтылды.
Отырысқа облыс колледждерінің әкімшілік құрамының 70 өкілі қатысты.





umc-ro@umckrg.gov.kz





