Ақпараттандыруға жетекшілік ететін білім бөлімдерінің әдіскерлеріне, мамандандырылған мектеп-интернаттар директорларының орынбасарларына арналған әдістемелік сағат.
25-09-2025 18:15
Ақпараттандыруға жетекшілік ететін білім бөлімдерінің әдіскерлеріне, мамандандырылған мектеп-интернаттар директорларының орынбасарларына арналған әдістемелік сағат.

Қарағанды облысында білім беруді дамытудың оқу-әдістемелік орталығы 2025 жылдың қыркүйек айының 25-і күні ZOOM платформасында ақпараттандыруға жетекшілік ететін білім бөлімдерінің әдіскерлері мен мамандандырылған мектеп-интернаттары директорларының орынбасарларына арналған әдістемелік сағат өткізді.

Әдістемелік күнде келесі мәселелер талқыланды:

-  «Білім беру жүйесінде жасанды интеллектіні енгізу және іске асыру туралы». Баяндады, Сартаева Жансая Ахмедьяновна, Ақпараттық технологиялар бөлімінің басшысы.

-  «Білімал. Электронды мектеп» кесте мен күнтізбелік-тақырыптық жоспарды толтыру мониторингі». Баяндады, Байбусинов Есентай Айдарулы,Қарағанды облысында білім беруді дамытудың оқу-әдістемелік орталығы әдіскері.

-  «Қашықтық ВООМ» облыстық жоба аясындағы өткізілген сауалнама нәтижесі». Баяндады, Байбусинов Есентай Айдарулы,Қарағанды облысында білім беруді дамытудың оқу-әдістемелік орталығы әдіскері.

-  «Педагогтерді аттестаттау туралы». Баяндады, Білім беру бөлімінің әдіскерлері.

-  «Робототехника кабинеттер мен ІТ-сынып кабинеты бойынша ақпарат».

Әдістемелік сағатқа ақпараттандыруға жетекшілік ететін білім бөлімдерінің әдіскерлері және мамандандырылған мектеп-интернаттары директорларының орынбасарлары қатысты.