Облыс колледждерінің әдіскерлеріне арналған облыстық семинар
2025 жылдың 26 қыркүйегінде Қарағанды облысында білім беруді дамытудың оқу-әдістемелік орталығы облыстың техникалық және кәсіптік, орта білімнен кейінгі білім беру ұйымдарының әдіскерлері мен директорлардың оқу (ғылыми)-әдістемелік жұмысы жөніндегі орынбасарларына арналған облыстық семинар өткізді.
Семинар колледж әдіскерлерінің педагогтерді аттестаттау процесін ұйымдастыру туралы білімдерін кеңейту және тереңдету мақсатында «Колледждердің әкімшілік құрамы мен әдіскерлерінің кәсіби дамуы» бағыты бойынша жұмыс шеңберінде өтті.
Семинарды «Қарағанды облысында білім беруді дамытудың оқу-әдістемелік орталығы» КМҚК басшысы Абдикерова Бакиткул Химальдиновна «Техникалық және кәсіптік, орта білімнен кейінгі білім беру ұйымы әдіскерінің қызметін жетілдіру» тақырыбымен ашты.
Әрі қарай, семинар бағдарламасына сәйкес тақырыптар бойынша баяндамалар жасалынды:
- «Педагогтерді аттестаттау процесін ұйымдастыру алгоритмі», Мухамедьярова Айгуль Зейнулаевна, білім беру мазмұнын талдау және стратегиялық дамыту бөлімінің басшысы;
- «Техникалық және кәсіптік, орта білімнен кейінгі білім беру ұйымдарының әдіскерлері үшін «Аттестатталатын педагогтерді әдістемелік сүйемелдеу жүйесіндегі әдіскердің рөлі» тақырыбы бойынша проблемалық курстарды ұйымдастыру туралы», Кнашина Айнур Ахатовна, техникалық және кәсіптік, орта білімнен кейінгі білім беру бөлімінің әдіскері.
Қорытындыда рефлексия жүргізіліп, семинар қорытындысы шығарылып, ұсыныстар берілді.
Семинарға облыс колледждерінің 51 әдіскері мен орынбасарлары қатысты.





umc-ro@umckrg.gov.kz





