2025 жылдың 13 қазанында IT-саласы бойынша техникалық және кәсіптік, орта білімнен кейінгі білім беру ұйымдарының педагогтері арасында республикалық кәсіптік шеберлік конкурсының өңірлік кезеңі өтті. Байқау «WEB-әзірлеу» бағыты бойынша өткізілді.
Іс-шараның мақсаты - инженерлік графика саласында оқытудың заманауи технологиялары мен әдістемелерін енгізетін талантты мамандарды анықтау және қолдау.
Байқау сонымен қатар шығармашылық педагогтерді көтермелеуге және қазіргі білім беру талаптарына сәйкес олардың кәсіби құзыреттерін дамытуға бағытталған.
Байқауға қатысушылар білім мен практикалық дағдылардың жоғары деңгейін көрсетті. Байқау білім беру қызметіне инновациялар енгізе алатын ең мықты мамандарды анықтауға мүмкіндік берді. Барлық қатысушылар шеберлік пен кәсібилік танытып, лайықты нәтижелер көрсетті.
Байқау қорытындысы:
1 орын - Айдарова Д. Д., «Қарағанды жоғары политехникалық колледжі» КМҚК оқытушысы;
2 орын - Мамбетов С. К., «Қарағанды технология және сервис колледжі» КМҚК оқытушысы;
3 орын - Сагиндыков Д. М., «Қарағанды цифрлық технологиялар және дизайн колледжі» КМҚК оқытушысы.





umc-ro@umckrg.gov.kz




