Озық педагогикалық тәжірибені жалпылау және тарату бойынша облыс колледждерінің әдіскерлеріне арналған вебинар
10-10-2025 16:42
Озық педагогикалық тәжірибені жалпылау және тарату бойынша облыс колледждерінің әдіскерлеріне арналған вебинар

      2025 жылдың 10 қазанында Қарағанды облысында білім беруді дамытудың оқу-әдістемелік орталығы техникалық және кәсіптік, орта білімнен кейінгі білім беру ұйымдары әдіскерлерінің облыстық әдістемелік бірлестігінің жұмысы шеңберінде озық педагогикалық тәжірибені жалпылау және трансляциялау бойынша вебинар өткізді.

Педагогтің ғылыми-әдістемелік жұмысы туралы әдіскерлердің білімін кеңейту мен тереңдету мақсатында ұйымдастырылған вебинарға 42 әдіскер қатысты.

Алғы сөзбен және «Колледждердің әкімшілік құрамы мен әдіскерлерінің кәсіби дамуы» және «Педагогтердің кәсіби дамуы» бағыттары бойынша жұмыс туралы» тақырыбындағы баяндамасымен техникалық және кәсіптік, орта білімнен кейінгі білім беру бөлімінің әдіскері А.А. Кнашина сөз сөйледі.

Вебинардың негізгі бөлімінде білім беру мазмұнын талдау және стратегиялық дамыту бөлімінің басшысы А.З.Мухамедьярова «Тиімді педагогикалық тәжірибені жалпылау мен таратуды ұйымдастыру» тақырыбында сөз сөйлеп, педагогикалық тәжірибе ұғымы, озық педагогикалық тәжірибе критерийлері, педагог портфолиосының мазмұны мен құрылымы, педагогтер портфолиосын қалыптастыру кезінде жиі кездесетін қателіктер туралы толық ақпарат беріп, педагогтердің тәжірибесін жалпылау және тарату алгоритмін ұсынды.

Вебинар соңында «Сұрақ-жауап» рефлексиясы өткізілді, онда әдіскерлер өздерін қызықтырған сұрақтарына жауап алды.