Қарағанды облысында білім беруді дамытудың оқу-әдістемелік орталығы 2025 жылғы 7 қазанда орыс тілі мен әдебиеті, шетел тілдері мұғалімдері үшін «Сараптамалық кеңесте қорғауға авторлық материалдарды дайындау» семинарын өткізді. Семинарды ұйымдастыруға және өткізуге Қарағанды облысының білім мазмұнын талдау және стратегиялық дамыту бөлімінің меңгерушісі Айгуль Зейнулаевна Мухамедьярова және Қарағанды облысында білім беруді дамытудың оқу-әдістемелік орталығы әдіскері Ксения Петровна Цой қатысты. Педагогтер авторлық материалдардың ұғымы мен түрлерімен, әзірлеу үдерісімен, мазмұны мен құрылымымен, апробациялау алгоритмімен, рәсімдеудің техникалық талаптарымен, сондай-ақ авторлық материалдарға арналған ілеспе құжаттармен, педагогикалық тәжірибені қорыту және тарату формаларымен таныстырылды.





umc-ro@umckrg.gov.kz





