«Адал азамат» біртұтас тәрбие бағдарламасы барысында «Қамқор» жобасы аясында өткізілген «Табиғатқа қамқорлық жасаймыз» акциясы туралы ақпарат
17-10-2025 11:34
«Адал азамат» біртұтас тәрбие бағдарламасы барысында «Қамқор» жобасы аясында  өткізілген «Табиғатқа қамқорлық жасаймыз» акциясы туралы  ақпарат

       2025 жылғы 13–17  қазан аралығында Қарағанды облысында білім беруді дамытудың оқу-әдістемелік орталығымен  "Адал азамат" біртұтас тәрбие бағдарламасы барысында «Қамқор» жобасы аясында«Табиғатқа қамқорлық жасаймыз»  облыс білім беру мекемелерінде акция өтті. Акцияның өткізілуі мақсаты, оқушылардың экологиялық мәдениетін қалыптастыру, табиғатты аялауға, қоршаған ортаға жауапкершілікпен қарауға тәрбиелеу және азаматтық белсенділікті дамыту.

Қарағанды, Теміртау және Балқаш тағыда басқа өңірлердегі мектептерде «Эко-бақ», «Жасыл мектеп», «Таза аула» жобалары жүзеге асырылды. «Жасыл ел» жасақтары, экологиялық клубтар мен мектеп парламенттері белсенділік танытты. Бірқатар мектептерде табиғатты қорғау ұйымдарының өкілдерімен бірлесіп «эко-сабақтар» өткізілді.

 «Адал азамат» біртүтас тәрбие бағдарламасы барысында «Қамқор» жобасы аясында өткізілген «Табиғатқа қамқорлық жасаймыз» акциясы оқушылардың табиғатқа деген сүйіспеншілігін, жауапкершілігін және азаматтық ұстанымын қалыптастыруға ықпал етті.

Бұл акция экологиялық мәдениетті дамыту мен қоғамға пайдалы іс-әрекеттерге баулудың маңызды бөлігі болды.