2025 жылғы 20 қазанда Қарағанды облысында білім беруді дамытудың оқу-әдістемелік орталығының басшылығымен Қарағанды тамақтану және сервис колледжі базасында жұмысшы мамандықтар жылы аясында және халықаралық аспаздар күніне орайластырылған «Тамақтандыруды ұйымдастыру» мамандығы бойынша жас педагогтерге арналған «Аспаздық коворкинг» облыстық семинар-практикумы өткізілді.
Іс-шараның мақсаты - жас өндірістік оқыту шеберлері мен арнайы пән оқытушыларының практикалық дағдыларын жетілдіру, тәжірибе алмасу және тамақтану саласындағы инновациялық технологияларды көрсетуге арналған кәсіби алаң құру. Бағдарламаға сәйкес, әлеуметтік серіктестердің шеберлік сабақтары көрсетілді:
«Аспаздық іс» бағыты бойынша:
-Машанло Абдухаким Махамеджанович, «ИП Машанло» директоры;
-Жаканбаев Ануар Болатович, «Turandot» мейрамханасының аспазы;
«Кондитер ісі» бағыты бойынша:
-Тезекпаева Асель Жамбыловна, «Zapakh Klubniky» кондитерлік дүкенінің басшысы;
- Ахметова Дамира Тулюубаевна, ИП Ахметова
«Наубайхана ісі» бағыты бойынша:
-Дюсембаева Айнур Темирбулатовна, «ИП Tortefino» директоры.
Педагогтердің шеберлік сыныптары көрсетілді:
«Мейрамхана ісі» бағыты бойынша:
-Бервальд Екатерина Александровна, «Қарағанды тамақтандыру және сервис колледжі» КМҚК өндірістік оқыту шебері;
«Кондитер ісі» бағыты бойынша:
-Вдовина Валерия Викторовна, «Қарағанды тамақтандыру және сервис колледжі» КМҚК арнайы пәндер оқытушысы;
«Наубайхана ісі» бағыты бойынша
-Маматова Гүлнара Машраповна, «Қарағанды тамақтандыру және сервис колледжі» КМҚК өндірістік оқыту шебері;
«Аспаздық іс» бағыты бойынша:
-Майснер Елена Владимировна, «Шахтинск технологиялық колледжі» КҚМК өндірістік оқыту шебері.
Колледж түлектері мен бітіруші курс студенттерінің шеберлік сыныбы:
«Аспаздық іс» бағыты бойынша:
-Андросов Владимир Евгеньевич, «Грузинский дворик» кафесінің бас аспазы; «Наубайхана ісі» бағыты бойынша:
-Әбдуәли Рәзия Серікқызы, «Қарағанды тамақтандыру және сервис колледжі» КМҚК 3-курс студенті;
«Мейрамхана ісі» бағыты бойынша:
-Воронина Анастасия Юрьевна, «Қарағанды тамақтандыру және сервис колледжі» КМҚК 2-курс студенті.
Мастер-класстарды өткізу барысында әлеуметтік әріптестердің өкілдері, педагогтер мен студенттер кәсіби құзыреттілікті арттырудың тәжірибелері мен тәсілдерімен бөлісті:тағамдарды безендіру мен ұсынудың, кофенің әртүрлі түрлерін дайындаудың және ұсынудың заманауи тенденциялары, біліктілікті қалай арттыруға болады,сондай-ақ кондитерлік және ұн өнімдерін жобалау мен берудің заманауи үрдістерін игерубойынша.
Іс-шара соңында «Қарағанды облысында білім беруді дамытудың оқу-әдістемелік орталығы» КМҚК әдіскері И. П. Шленская қорытынды жасап, ұсыныстар берді.
Іс-шараға облыс колледждерінің 30 педагогы қатысты.





umc-ro@umckrg.gov.kz







