Қарағанды облысында білім беруді дамытудың оқу-әдістемелік орталығының жоспарына сәйкес, «Адал азамат» біртұтас тәрбие бағдарламасын жүзеге асыруда «Балалар кітапханасы» жобасы аясында «Кітапхана – жаңа буын кеңістігі» атты қалалақ мерекелік іс-шара өтті.
ҚР Үкіметінің 2022 жылғы 18 қазан № 833 қаулысымен «24 қазан- КІТАПХАНАШЫЛАР КҮНІ» болып бекітілді.№28 ЖББМ базасында өткен осы мерекегеорайластырылған іс-шарағаҚарағанды қаласы мектептерінің87 кітапханашысы қатысып,34 кітапханашыҚарағанды қаласы білім бөлімінің, Қарағанды облысында білім беруді дамытудың оқу-әдістемелік орталығының, Гоголь атындағы облыстық әмбебап ғылыми кітапханасының және Абай атындағы облыстық балалар кітапханасының алғыс хаттарыменмарапатталды. «AMANAT» партиясыныңҚарағанды облыстық филиалының төрағасы кітапханашыларды төл мерекесімен құттықтады.
Цифрлық технологиялар дәуірінде де кітапханалар өз маңызын жоғалтқан жоқ – олар заманауи білім, идея және қарым-қатынас орталығына айналуда. Ал кітапханашы – қоғамның рухани және зияткерлік қазынасын сақтап, оны кейінгі ұрпаққа жеткізетін тұлға.
МЕРЕКЕ ҚҰТТЫ БОЛСЫН!





umc-ro@umckrg.gov.kz





