ГЕОГРАФИЯ МҰҒАЛІМДЕРІНІҢ ОБЛЫСТЫҚ ӘДІСТЕМЕЛІК БІРЛЕСТІГІНІҢ ОТЫРЫСЫ
28-10-2025 18:58
ГЕОГРАФИЯ МҰҒАЛІМДЕРІНІҢ ОБЛЫСТЫҚ ӘДІСТЕМЕЛІК БІРЛЕСТІГІНІҢ ОТЫРЫСЫ

      Қарағанды облысының білім беруді дамыту оқу-әдістемелік орталығы 2025 жылғы 28 қазанда Қарағанды қаласының "мамандандырылған-инновациялық технологиялар мектеп-лицей-интернаты" КММ базасында мамандандырылған мектеп-лицей интернаттарының география мұғалімдерінің облыстық әдістемелік бірлестігінің отырысын өткізді.

Жұмыс тәжірибесімен бөлісті:

Бекберлінов Назыбек Талғатбекұлы, "Жамбыл атындағы мамандандырылған мектеп-лицей-интернаты" КММ география пәні мұғалімі, география пәні бойынша пәндік олимпиадаға білім алушыларды даярлаудың формалары мен әдістерін кезең-кезеңімен таныстырды.

"Озат" мамандандырылған мектеп-лицей-интернаты " КММ география пәнінің мұғалімі Баянхан Береке жасанды интеллект платформаларын пайдалана отырып, жаратылыстану-ғылыми сауаттылықты дамыту бойынша жұмыс тәжірибесімен бөлісті.

"Озат" мамандандырылған мектеп-лицей-интернаты " КММ география пәнінің мұғалімі Шакасимов Ахмад Әлішерұлы география сабағында табысқа жету үшін жағдай жасаудың әртүрлі тәсілдері туралы шеберлік сыныбын көрсетті

Қамту 12 адамды құрады.