Размер шрифта:
«Информатика» пәні педагогтері үшін «ПББ-ға дайындық: педагогтердің пәндік құзыреттілігін дамыту» бойынша шеберлік-сыныптар
29-10-2025 17:50
«Информатика» пәні педагогтері үшін «ПББ-ға дайындық: педагогтердің пәндік құзыреттілігін дамыту»  бойынша шеберлік-сыныптар

      Қарағанды облысында білім беруді дамытудың оқу-әдістемелік орталығының ұйымдастыруымен 2025 жылдың 28-29 қазан күндері «Информатика» пәні педагогтеріне арналған Күзгі мектеп аясында шеберлік-сағаттар өткізілді.

Мақсаты: Облыс педагогтерінің кәсіби құзыреттілігін арттыру.

«ӨРКЕН» қауымдастығының мүшелері спикерлік еткен бұл шарада мұғалімдер тәжірибе алмасып, практикалық білімдерін жетілдірді. Іс-шараға 33 педагог қатысты.